ale99791308
?>

5 -тапсырма.Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып, «Көңілді хайуанаттар бағы» тақырыбындаәңгіме құрастырып жаз. разобраться и можно коротко написать​ выше нужные слова

Казахский язык

Ответы

zharovaleks

Көңілді хайуанаттар бағы.

Осы аптаның демалыс күні қаламыздағы хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден кейін өз есіктерін қала қонақтары мен тұрғындары үшін айқара ашқан болатын. Бұл ашылуды әсіресе балақайлар көптен күткен болатын, сондықтан бұл жерде ине шаншар жер болған жоқ. Алдымен құттықтау сөздер сөйленіп, ресми түрде бақтың ашылуы өтті. Одан кейін жиналған қонақтар өз қалаулары бойынша серуендеп, жануарларды көруге аттанды. Айта кететін бір жайт – бұл күні балалар үшін тегін билеттер мен балмұздақ ұйымдастырылды.

Біз өз серуенімізді қасқыр мен түлкілер орналасқан тордан бастадық. Торлары кең, ішінде тағамдары жеткілікті екен. Ары қарай жүре бергенімізде гепард пен пантераны көріп, олардың сымбатына тәнті болдық. Олар сонау Африкадан әкелінген екен.

Тура бақтың ортасында бұрынғыдай қоңыр аюлар орналасыпты. Олардың торының жанында біраз адам жиналып қалыпты. Себебі, аюларға бақтың қызметкерлері тағам беріп жатыр екен, ал кейбіреулерінің сол мезгілде сумен ойнап жатқаны бір қойылым іспеттес болып көрінді. Біз аюларды біраз тамашалап, ары қарай аттандық.

Ары қарай жүре бергенімізде бұтақтан бұтаққа секіріп жүрген тиінді көріп, біраз аялдап қалдық.

Келесі кезекте мойны ұзын керікті көріп, оның бойының ұзындығы аң – таң болдық. Керікпен көршілес жерде таутайлақ (лама) орналастырылыпты. Оларға кіреберісте арнайы рұқсат етілген тағам сатып алған болатынбыз, сол сәбіз бен салат жапырқтарын беріп, біраз суретке түстік. Бұлардан басқа бақта үлкен – кішілі маймылдар, арыстан, жолбарыс, барыс, түлкі, түрлі құстар мен су жануарлары тағы бар. Бақты армансыз аралап, суретке түсіп, уақытты көңілді өткіздік.

Объяснение:

knigi21212

ответ:мен демалыс күндері хайуанаттар бағына барғам. Ол жер өте керемет болды. Көп деген жануарлар болды. Арыстан , қасқыр,жолбарыс және барыс бізге ырылдады. Маймыл мен тиін талдан талға секіріп жүрді. Біз пілге тамақ бердік. Бізге қоянды ұстауға берген.

Жәнеде қу түлкі болды. Барлық жануарлар қоршауда болған. Мен уақытымды көңілді өткіздім. Келесі жолы міндетті түрде тағыда барам.

Объяснение:недеюсь правильно

tanyashevvvv
Қоғамдық-саяси "Егемен Қазақстан" ежелден келе жатқан жəне танымал баспа болып саналады, ол басқа баспалардан ұстамдылығымен жəне объективтілігімен өзгешеленеді. Газеттің ең бірінші саны 1919 жылдың 17 желтоқсан күні Оренбург қаласында шыққан. Сол уақыттан бері газет атауы бір емес бірнеше рет ауысқан болатын. Олар - «Ұшқын», «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан», жəне де ең соңғысы «Егемен Қазақстан».
"Егемен Қазақстан" Республикалық газеті мемлекеттің ресми ба Оның беттеріне ҚР Президенті жарлықтары, жоғарғы Сот үкімдері жəне басқа да заңдар жарияланады.
ГалинаРайгородская
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

5 -тапсырма.Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып, «Көңілді хайуанаттар бағы» тақырыбындаәңгіме құрастырып жаз. разобраться и можно коротко написать​ выше нужные слова
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

podenkovaev314
unalone5593
barkhatl-2p7
Semenova1719
moscow053988
baltgold-m27
ragimovelshad
pizzaverona
ovalenceva77
Людмила
tol1974656
kuharhuks
Сопова
Khlustikova_Borisovna
monolit-kolomna