Тұйғын — қаршыға тұқымдастарына жататын жыртқыш құстардын ішіндегі ең ұшқыр, қырағы, шалымды құс. Қазақ құсбегілері түсінің аппақ болып бітуіне орай, көбінесе, ақ тұйғын деп атайды. Оның жоны ақ, дене бiтiмi жұп-жұмыр болып келеді. Салмағы 500 — 1090 г шамасында.
Тұйғынның қаршығадан түр-түсінің өзгешілігі болмаса, қанат-кұйрығының жаратылысы мен сүйек бітімінде айырмашылық шамалы. Алайда қазақ құсбегілерінің арасында қаршығадан көpi тұйғын көбірек қадірленеді. Ол қаршығаға қарағанда шалымды келеді. Егер қаршыға мен тұйғынды құсқа қатар жіберсе, қаршыға жер ортаға жеткенше, тұйғын нысана еткен құсын бip түйіп үлгереді. Тағы бip ерекшелігі — сырт тұлғасы дөңгелектеу және қаршығадан кішілеу, сүйкімділеу болады. Құсбегілер тұйғынды сырт бітіміне орай, түр-түсіне қарай өз ішінде саралап, үш түрге бөліп айтады. Тұйғыннын сырт жүні мұнтаздай таза, күмістей ақ болса, оны «ақ тұйғын» деп атайды. Жоны болмашы қоңырайып, сұрғылт тартып тұрса, «кір тұйғын» дейді. Ал жонынан бастап, бой жүніне дейін сұрғылт түс дендеген жоны коңыр көкшiл тартқан тұйғынды «құл тұйғын» дейді. Осылайша үш түрге бөліп атағанымен, бұл үшеуінің де сыртқы түсінің айырмашылығы болмаса, қырандық қарымында, сүйекбітімінде, мiнезiнде айырмашылық болмайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақ тілі 47 бет 2 тапсырма 6 сынып
Отан отбасынан басталады
«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар.