nv6634
?>

Екі мәтіннің аудиотиориясын анықта

Казахский язык

Ответы

Гаевая1290

Қазір дүние жүзі елдері  жахандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Бізде әлемдік өркениеттің  заманауи  жетістіктерін өзімізге қабылдай отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс жасап жатырмыз. Дегенмен жахандану дәуірінде де ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеп, бағалай алуымыз қажет. Әсіресе солардың барлығының ең маңыздысы  болып саналатын  қазақ тілінің мәртебесін көтеру –бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік тілдің тиісті деңгейде дамуына, қолданыс аясының кеңеюіне ерекше назар аударып келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайтуеліміздің  саясатының басты басымдығы болып қала бермек.

Қоғамда, мемлекеттік  тілдіқолдану мүмкіндігі жоғарысалаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.  Оның дәлелі ретінде өнер, әдебиет, мәдениет, ба з, радио, теледидарымыз  90-  жылдарға қарағанда әлдеқайда қазақша сайрап тұр десек те болады. Бұл біздің мемлекеттік  тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны.

Сонымен бірге тіл саясатының көпұлтты  мемлекетіміздің  тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Елімізде тату –тәтті ғұмыр кешіп жатқан әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай.  

Елбасымыздың «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды» деген сөзі бүгінгі күннің және келешектің нақты ұстанымы екендігі сөзсіз.

Әсіресе, мемлекеттік органдарда іс жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшірудің үлкен стратегиялық маңызы бар. Себебі, қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын мемлекеттік органдар арқылы басқарылады.    

Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы  тіл саясатын жүргізу  мол жемісін береді деп ойлаймын.

Тіл –халықтың жаны. Тіл –қай ұлттың  болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.Міне осы орайда ана тіліміз жайлы ойлану әрқайсымыз үшін парыз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі-тіл, бірі- ділің жүректегі» — деп, Ж.Баласұғын айтқандай, алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл-қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Natali-0706

Тіл-ең асыл құндылық

Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Екі мәтіннің аудиотиориясын анықта
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

corneewa20096
Aleksandrovna Kolesnik1764
vladusha47713
a800000
m79857860146895
Naumenkova-Ivanov
Нескажу25
Irina-Tunyan
suxoruchenkovm171
kot271104
stanefimov
Khrimyan1207
kosharikclub
sohrokova809
Попов1946