ответ:
аяз би жаманұлы – қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. оның есімі бүгінгі ұрпаққа «аяз би» ертегісі һәм «аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. майқы би мән ң шежіресін жазған шапырашты қазбек бек тауасарұлы өзінің «түп - тұқияннан өзіме дейін» дейтін кітабында аяз бидің және оның серігі құмырсқа батырды «майқы би дәуірінде өмір сүрген, майқы мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», - деп жазады. сонда бұл дерек бойынша, аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, майқы мәнұлының замандасы болып шығады. ал зерттеуші ұлының «алтын сандық» атты кітабындағы шағын мәліметте аяз би хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи деп, оны xi - xii ғасырға жатқызады. бұл – әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.
аяз бидің қандай би болғаны, ілік қадір - қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «бұрынғы қойшы, кедей аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. ол мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. шартты жұмбағын шешіп, бай қызы меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді».
майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, , көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. майқының әндір, мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал - шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. ал аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. аяз бидің құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. ол екеуі майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. сондықтан да майқы би аяз би мен құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді. ол екеуімен майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі - жиі ақылдасып, ой - пікір алысып отырады. кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, майқының алдын кес - кестей беріпті, сонда майқы би оларға былай депті:
билер бүгін майқының алдын кесесің,
ертең жұрттың төбесін тесесің.
майқының да айтатын кебі бар,
айтуға аузының да ебі бар.
хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
әзір сөзіме болма бұрыс,
ақылым алжыған жоқ,
ондайды болжағам жоқ,
орынсыз ауыз ашсаң,
екі би басарсың шоқ.
аяз би әліңді біл,
құмырсқа жолыңды біл.
ел арасында «аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
2 - тапсырма 1) Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі қандай? 2) Алғашында ұзындық қалай өлшенген ?3) Метр өлшемі қалай анықталады ?4) Алғашқы ресми метр өлшегіш қай жылы және қай қалада пайда болады?
Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.
1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы
"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды.