vbnm100584
?>

Қазақта «Ауылым – алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері – жерұйық. Ауыл – халық руханиятының алтын діңгегі. Ауылдың тыныс тіршілігі де өзгеше. Ауыл десе, жайлау еске түседі. Жайлаудың ауасы таза әрі салқын. Самал желі мен бұлақтың суы керемет. Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Ауыл «Ақбұлақ» деп аталады. Үйдің жанында су ағып жатыр. Ол су таудың етегіндегі бұлақтан басталады. Сондықтан жайлау «Ақбұлақ» деп аталады. Айнала – гүлдер мен ағаштар. Жер кілем секілді жап-жасыл. Жазда ауылдың табиғаты тамаша. Қыста күн суық, қар қалың жауады. Сондықтан қыста шаңғы, шана тебеміз. Жазда салқын, бірақ шілде, тамыз айларында күн ыстық болады. Таудан самал жел соғып тұрады. Мен тауда достарыммен демалғанды жақсы көремін. Біз қызғалдақ тереміз, доп ойнаймыз, алау жағамыз, тамақ пісіреміз, шатыр құрамыз, ашық аспан астында түнейміз. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз.

Казахский язык

Ответы

ashkiperova6
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.
natanikulina1735
Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Міне, осындай сын сағатта елін жаудан азат етіп, жерін, ар-намысын қорғау барысында азаттық соғыстың алдыңғы шебінде қазақ батырлары ерлікпен шайқасты. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары жоңғарлардың толассыз жүргізген соғыстары, бейбіт елді шауып, адамдарын тұтқынға алуы, қырғынға ұшыратуы, қазақ халқын халқын қатты күйзелтті. Осындай ел басына қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тараған тұлғаларҚанжығалы БөгенбайҚанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы 1680 жылы туылған. Ол әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. 1710 жылы жоңғар шапқыншылығына қалай төтеп беру мәселелерін талқылаған Қарақұм маңында жиын болды. Осы сәтте Бөгенбай батыр халқын қалмақтарға шабуыл жасауға ұрандап, оларға ұлттық рух береді. Сөйтіп, олар бір жеңнен қол, бір жағадан бас, бір ауыздан сөз шығарып туған елі мен жерін қорғауға серт беріседі. Бөгенбай батырға риза болған халық оны бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы деп жариялады. Сондай-ақ, Қытай мен қазақ елдерінің бейбіт қарым-қатынасын орнатуына зор үлес қоса білген Бөгенбай батыр 1778 жылы 81 жасында қайтыс болды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазақта «Ауылым – алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері – жерұйық. Ауыл – халық руханиятының алтын діңгегі. Ауылдың тыныс тіршілігі де өзгеше. Ауыл десе, жайлау еске түседі. Жайлаудың ауасы таза әрі салқын. Самал желі мен бұлақтың суы керемет. Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Ауыл «Ақбұлақ» деп аталады. Үйдің жанында су ағып жатыр. Ол су таудың етегіндегі бұлақтан басталады. Сондықтан жайлау «Ақбұлақ» деп аталады. Айнала – гүлдер мен ағаштар. Жер кілем секілді жап-жасыл. Жазда ауылдың табиғаты тамаша. Қыста күн суық, қар қалың жауады. Сондықтан қыста шаңғы, шана тебеміз. Жазда салқын, бірақ шілде, тамыз айларында күн ыстық болады. Таудан самал жел соғып тұрады. Мен тауда достарыммен демалғанды жақсы көремін. Біз қызғалдақ тереміз, доп ойнаймыз, алау жағамыз, тамақ пісіреміз, шатыр құрамыз, ашық аспан астында түнейміз. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ltdfoliant62
baron
admiralbany
rashad8985
Олеся
vshumilov
BrezhnevaKoidula
sharkova1443
Kotvitskii
Koshovkina1721
firsova5911
Олег86
MikhailSvetlana
smirnovaL1286
titov-es3095