mirsanm26249
?>

Екі тақырыптың біреуін таңда . Эссе 120-150 сөзден тұру керек . 1. Болашақ жастардың қолында . ( М.Мақатаев . « Ертең біз жол жүреміз » осы өлеңді негізге ала отырып жазыңдар ) . 2. Түркі халықтарының өмірін сипаттау . ( « Күлтегін » жырын негізге ала отырып , тарихи деректерді негізге ала отырып жазыңдар )

Казахский язык

Ответы

arutchevben64

Күлтегін жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. 

«Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. 

Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

Күлтегін жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

timonina29

Әлем халықтары бейбітшілікті қолдайды. Қазіргі кезде әлемде ғылым, білім жақсы дамыған. Білім алғысы келген адамға мүмкіндіктер көп. Білім негізі мектептен басталады. Мектеп қабырғасында біз әр түрлі пәннен дәріс аламыз. Еліміздің тарихын оқып, білеміз. Ертеде қазіргідей машина, шәйнек, телефондар болмаған. Әрбір сабақтан емтихан тапсырамыз. Емтиханға қағаз, қалам алып кіреміз. Мектепте біз тек білім алумен шектелмейміз, ұстаздардан тәрбиелі, мәдениетті болуды үйренеміз. Ұстаздар ақыл айтып, дұрыс жол көрсетеді.  

Объяснение:

LesnovaVeronika1830

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, жабайы қызылшалар ежелден бері адамзаттың сенімді серігінің рөлін атқарып келеді екен. Б.з.д. 2000-1000 жылдары қызылшаның жапырақтары көкөніс ретінде және әр түрлі ауруларға шипа болатын дәрі ретінде пайдаланылған.

Қызылша аты аталатын ежелгі құжат ретінде Вавилон патшасы Меродах-Баладананың (б.з.д. 722-711 ж.ж) бақшасында егілетін өсімдіктердің тізімін атауға болады. Көп ғалымдар қызылшаның отаны – Вавилон дген қорытынды жасап жатады. Аталаған жазбада қызылша – жергілікті көкөніс емес, Сириядан әкелінген деп айтылады.

Бертін келе қызылша Азия халықтары мен Жерорта теңіздеріне таралып кетеді.Халық медицинасында дәрі-дәрмек ретінде қызылшаның жапырақтарын ғана емес, тамырларын да пайдаланылғандығы Гиппократ және Аристофан, Феофрастеңбектерінде дәлелденген.

Қызылшаны Апполон құдайына құрбандыққа шалған ежелгі гректер оны өте жоғары бағалаған. Алғашқыда асқа тек қызылша жапырақтарын қолданған, қызылшаның өзі улы көкөніс саналған көрінеді. XIV ғасырда қызылшаны солтүстік Еуропада да өсіре бастады.

Қызылшаның құрамында көмірсулар, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний,темір, мырыш, А дәрумендерінің негізі, С, В1, В6,РР, Е дәрумендері, фолий қышқылы бар.

Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2—3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.

Ал салат немесе винегрет жасау үшін, оны щеткамен тазартып, суық сумен жуып, қабығымен қайнатады. Қайнатқан кезде қызыл түсін жоймас үшін суға құмшекер салуға болады (2 л суға 0,5 шай қасық).

Қызылшаны асқа пайдалану біздің сүйектеріміз бен тістерімізге пайдалы әсер етеді. Бұл оның құрамындағы кальцийдің арқасында болады, оның жетіспеушілігі тісжегіге, мешел ауруына, сүйек кеуектенуіне және балалар бойы өсуінің бұзылуына әкеліп соғады.

Сондай-ақ, қызылша ағзаны тазалайды, шаршағанды басады, қаназдықтың алдын алады, қатерлі ісіктен қорғайды.

Әсіресе, қызылша шырынының пайдасы ұлан асыр.

Қызылша шырынымен бәріміздің күрделі мәселеміз саналатын баспа ауруын (ангина) емдеуге болады. Ол үшін бір стақан қызылша шырынына бір ас қасық балды қосыңыз да, дайын болған қоспамен күніне алты рет тамағыңызды шайыңыз.

Қызылша шырыны өт жолдары мен ішектерді тазартып, асқазанды емдейді. Асқынып кеткен жаралар мен өзге де қабынған теріні таңып тастауға болады

Объяснение:

Лайк басыңыз, тіркеліңіз сұрақтарыма жауап жазыңыз!!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Екі тақырыптың біреуін таңда . Эссе 120-150 сөзден тұру керек . 1. Болашақ жастардың қолында . ( М.Мақатаев . « Ертең біз жол жүреміз » осы өлеңді негізге ала отырып жазыңдар ) . 2. Түркі халықтарының өмірін сипаттау . ( « Күлтегін » жырын негізге ала отырып , тарихи деректерді негізге ала отырып жазыңдар )
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Радецкая264
bufetkonfet53
Magnolia200872
oduvanalex
kisuhakisa
director3
olgakozelskaa492
Ludmila777020
Сергеевна_Юрикович
Есартия52
Milovidova
tanyatanyat
shurshin6975
sbalashov62
Анатольевна824