Менің арғы атам – Мардан атам –жауынгер болған, Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін соғысқа қатысып, елді, жерді жаудан қорғаған батыр болыпты. Кеудесінде ордендер жарқыратып түске суреттерін үйден көріп, талай рет тамсана қарағам. Тек қана картадан көрсететін Германияның Берлин қаласына дейін барған көрінеді. Үйде әлі сақтаулы тұрған – «Қызыл Жұлдыз» және І – дәрежелі Отан соғысының ордендерін өз қолымен ұстап көрдім, ондай ордендерді тек батырларға бермей ме? Менің атам - батыр болған деп тек мақтанышқа бөленем. «Атам бүгінде тірі болғанда ғой,» - 98 жасқа келеді екен... Бірақ тағдыр оны өмірден ерте қоштастырып, алып кетіпті. Оның ұзақ өмір сүре алмауына сұрапыл соғыс өз зардабын тигізген ғой.
Жақында отбасымыз үлкен қуанышқа кенелуде. Соғыс ардагері болған атама – Дамбы ауылындағы жаңа көшелердің біріне есімі берілді.
Менің атамның есімі мәңгі жасайтын болды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіндегі қою әріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтап, тіркескен сөзімен бірге жаз.
Егер де сен бір жырақта, Отаныңнан басқа жрге бір жұмыспен немесе оқуға кетсең,Атамекеніңді ұмытпай жүргенің түбінде сақтайсың.Тіпті бір күн болмай жатып сағынасың.Бұл барлық адамда болтын сезім.Атамекенің-алтын ұяң.Тіпті алтыннанда қымбат.
Туған жерге аралған ақын-жазушылардың көптеген өлең-жырлары қаншама десеңші.Туған өлкені ештеңемен айыр бастауға болмайды.Атамекен әнін Ескендір Қасанғалиев атамыз көңілдің күйін, жүректің сырын шертіп,үлкен толғаумен патриоттық сезіммен айтады.Атамекенін әнге қосып айтқан адам туған жерін өте қадір тұтады.
«Туған өлкең-шежірең»демекші адам өз туған жерінің өмір тарихын білуге тиіс.Туған жерің-тұғырың, өскен елім өзегің болып табылады.
Сырттан көрген адам қанша жамандап «мынау мынандай»,»анау анандай» деп айтса да бәрі бір адмға өз Атамекені көк майсалы таза ауалы, ну орманды көрікті болып тұрады.сенің биікке көтеретін осы сенің бақытты болып жүргенің Атамекеніңнің арқасы.Сондықтан мекенім елім менің тірегім, сарқылмайтын қуатың, мәңгі соққан жүрегің болып қала бермек.