Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Лары Төмендегі сөйлемдердің мазмұны негізінде құрамына шылау және еліктеу сөздердіқатыстырып, қысқаша мәтін құрастырыңдар.Достар ешқашан бір-бірін сатпауы тиіс. Достар материалдық құндылық-тардан гөрі рухани құндылықтарды жоғары бағалауы қажет. Достар бір-бірінің, лайықты істерін көре біліп, бағалай білуі керек. Достар бір-бірінің кемшілігінкөріп, түзетуге кеңес беріп, көмектесуі тиіс. Бір-біріне жасаған жақсылығыүшін, қайтарым күтпеуі керек. Достар адалдығын сөзбен емес, ісімен дәлелдеуқажеттігін ұмытпауы тиіс
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.