Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Аяз би» ертегісі. 2-сабақ Мәтін тақырыбы бола алатын жауап нұсқасын анықта.Ханға келе жатып, Жаман:- Адамның жаманын таптыңыздар, бірақ шөп пен құстың жаманын таба алмадыңыздар. Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан, - дейді. Уәзірлер себебін сұраса:- Хан алдында айтамын, - деп Жаман айтпады. Уәзірлер келген соң, хан:- Адамдарың жарайды, бірақ, - дейді хан, - құс пен шөптің жаманын таба алмадыңдар. Құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел, - деп, хан уәзірлерге ашулана бастайды. Сонда уәзірлер:- Тақсыр, біз, шеңгел мен қырғауылды алдық, бірақ мына жаман адам: «Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан», - деді. Хан таңғалып:- Е, ол оны қайдан біледі? Алып келіңдер! - деп, бұйырады. Хан Жаманға қарап:- Сен шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді.- Тақсыр хан! Өмірім құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді отқа жақсам, жылу беретін. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады», - деп, ойладым. Енді қарақоғаны отқа жақсам, жанбайды, малға салсам, желінбейді. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, - дейді Жаман.- Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? - дейді хан.- Қырғауыл – адамға пайдалы құс. Қырғауылдың айыбы – әдемі емес. Сауысқан бірлігі жоқ, адамға пайдасы жоқ. Сондықтан құс жаманы – сауысқан.- Енді өзіңнің жамандығыңды қайдаң білдің? - дейді хан.- Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылардың әйелі, баласы, келіні бар. Мен әлі күнге дейін біреудің құлшылығындамын. Енді мен жаман болмай, жақсымын ба? - деп, Жаман ханға қарайды.Шөптің, құстың, адамның жаманыУәзірлердің тілегіШөптің нашарыХан
ответ:Шөптің,құстың ,адамның жаманы.
Объяснение:Себебі бқл үшеуіне қатысты ақпарат айтылған