Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1 тапсырма: 58 бет 1 тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты жаз. Прочитай текст и выпиши основную информацию по текстуЭлектр қуатын үнемдеудің түрлі жолдары бар. Жарықтан бастартпай-ақ электр энергиясын аз тұтынатын шамдарды кеңіненқолдануға болады. Жарық көздерінің барлығын жарықдиодтышамдарға алмастыру қажет. Жарыъдиодты шамда газ бен қыздыружібі болмайды, шыны сауыты және қауіпті жылжымалы бөлшектеріде жоқ. Жарығы тұрақты, кезге кері әсері жоқ. Қуат көзінүнемдеумен қатар, денсаулыкка да зиян емес.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.