Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтін ішінен есімдіктерді анықтаңыз. ( ) Сол күні жұмбақ ғаламшардан екі бала келді. Жұмбақ елден келген балалардың әңгімесі де құпияға толы еді: - Біз Жердегі тіршілікті көп зерттедік, - деді қонақтың үлкені. – Жер ғаламшары ғарыштан керемет әдемі көрінеді. Бірақ жақындасаң, қатты қорқасың. Қара қою түтіннен, улы газдан тұншыға бастайсың. Біз ешқайда қона алмай қиналдық. Мұхиттарда көк киттердің күңірен-генін, аққулардың таза суды аңсағанын көрдік. Жүрегіміз ауырды. - Қап, ұят болды-ау!- деді Мақсат. - Өздеріңе әдейі келдік, - деді екінші қонақ бала. Бірақ барлық ақылды балалар осы Жерде - тұрады екен. - Бәріне жауапты сендерсіңдер. Біз қазақтарды «Күннен келген халық» деп білеміз. Сендер - сол халықтың ұрпағысыңдар. Сондықтан бәріне жауаптысыңдар, - деді үлкен қонақ. Есімдіктер:
Аяз атаға хат жазу.
Сәлеметсіз бе, құрметті Аяз Ата!
Қал – жағдайыңыз, денсаулығыңыз жақсы ма?
Барша әлем балалары Жаңа Жыл жақындаған сайын сізді тағатсыздана күтіп, өз хаттарын жолдау үстінде. Мен де сол сиқырға сенетін балалардың бірімін.
Есімім Ақмаржан, жасым сегізде. Биыл екінші сыныпта оқып жатырмын, сабақ үлгерімім жақсы, үздік оқушымын. Тәртібім де жақсы. Мектепте өткізілетін әрбір шараға белсене қатысқанды ұнатамын.
Бұл менің сізге жазып отырған үшінші хатым. Алдыңғы жылдары жазғанымда өзіме және кішкене бауырыма ойыншық сұрағанмын. Ол арманымдарымды орындағанына үлкен рахмет!
Сізден сұрайтыным сіздің тұратын жерге отбасыммен саяхат жасап, өз көзіммен көрсем деймін. Ол жер ғажайып сиқырға толы деп ойлаймын.
Сәлеммен, Ақмаржан.