Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді тап. Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Қалай жасалып тұр? Жазбаша жауап жаз. Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!
Ақ дастарқан - тура мағына, дастарқанның түсін білдіріп тұр
Ақ жол - ауыспалы мағына, сәтті сапар деген мағынада
Ақ қағаз - тура мағына, қағаздың түсін білдіріп тұр
Жақсы бала - тура мағына, баланың қандай екенін білдіріп тұр
Жақсы ниет - ауыспалы мағына, ізгі ой деген мағынада
Жақсы сөз - тура мағына, сөздің жақсы екенін білдіріп тұр
Жақсы жұмыс - тура мағына, жұмыстың қандай екенін білдіріп тұр
Қисық ағаш - тура мағына,ағаштың қисықтығын айтып тұр
Қисық тәрбие - ауыспалы мағына, дұрыс тәрбие берілмегенін айтып тұр
Қисық мінез - ауыспалы мағына, мінезінің шатақ екенін айтып тұр
Қисық тақтай - тура мағына, тақтайдың қисықтығын айтып тұр
Суық жел - тура мағына, желдің суық екенін білдіріп тұр
Суық су - тура мағына, судың суық екенін білдіріп тұр
Суық қол - ауыспалы мағына,жаман іс бітіргенін айтып тұр
Суық хабар - ауыспалы мағына, қаралы, жаман хабар деген мағынада айтылып тұр
Терең өзен - тура мағына, өзеңнің терең екенін білдіріп тұр
Терең ой - ауыспалы мағына, көп ойлайды деген мағынада айтылып тұр
Терең білім - ауыспалы мағына, көп білім деген мағынада айтылып тұр
Терең құдық - тура мағына, құдықтың терең екенін білдіріп тұр