Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Даңқты балуан, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чегионы -- НақсылықҮшкемпіров 5 бірдей медалін жергілікті өлкетану мұражайына табыс етті. Әлем жәнеМәскеу Олимпиадасының чемпионы — Жақсылық Үшкемпіров 1968 жылы Семейдегімалдәрігерлік институтына оқуға түсіп, алғашқы жаттығуларын осында бастаған 6ыл осы қалада тұрып, отбасылы болды. Айта кетейік, бір ғасырдан артық тарихыбар бұл мұражайға кезінде хакім Абай да өз заттарын сыйға тартқан.«Осы жерден өсіп-өніп, үлкен шыңға шыққаныма, Олимпиада деңгейінің аттымедалін алуға ниелі жерден шығып, соншама атақты жерге жеткеніме мен мың дабір рақмет айтамын! Бүгінгі менің тапсырып отырған медальдарымның барлығы даосы жерге, кейінгі ұрпаққа үлгі болса, осындай біз сия?ты алемнің Олимпиаданыңчемпионы шығып, қазақ елінің кім екенін дүниежүзіне танытса, одан артық бақытдейді Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, («Қазақ үні» газетінен)
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!