1. ғылым ретінде қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) ң басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы қ тұрғысынан қарастырамыз. тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. xxi ғасырдың қазақстан азаматы, өзін қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.тарих уақытпен байланысты ұғым. қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы өзін-өзі тану керек.яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. сонда ғана өзін толық қанды деп санай алады. ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. деректану- тарихи деректер туралы ғылым. оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда
Владимирович_Роман
25.11.2021
Жүсіпбек аймауытов (1889-1931жж.) сегіз қырлы бір сырлы дарын. жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші жүсіпбек аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі павлодар облысы, баянауыл ауданы, қызылтау атырабында туған. әкесі аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары дәндебай мен қуан текті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. жас күнінен жүсіпбек бірге туған бауырлары ахмет, жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түседі, бір жағынан оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. қазақстан кеңестерінің құрылтайына делегат, оқу коммисариатының коллегия мүшесі болу, «қазақ тілі» газетін өңдеу, «ақ жол» газетінде істеу, шымкенттегі педагогикалық техникумының директорлығы – міне мұның бәрі жүсіпбек аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған ң кезінде қармаққа ілінген жүсіпбек аймауытов 1931 жылы атылған. астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген жүсіпбек аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. ол, в. шекспир, в. гюго, г. мопассан , а.с.пушкин, н.в. гоголь, л.н.толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдеби, эстетика, сын саласына араласты: сан қилы проблемалық мақалалар жазды. сол сияқты «күнікейдің жазығы», «ақбілек» романдары, сан алуан пьесалары – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.