Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 5 «А» сынып Күні: Аты-жөні: Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 cөз немесе сөз тіркесі [1] [ ] 2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз. [1] [ ] 3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды? [1] [ ] 4. Кітапханада қай елдің туындылары сақталған? [1] [ ] 5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. [1] [ ] Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен. Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен. Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар. Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды. (156 сөз) 1.Судың қандай қасиеті ауруларды жазады? А) минералдарды реттеуі В) иммунитетті күшейтуі С) түрлі қалыпта болуы D)таза энергиясы [1] [ ] 2.Судың жетіспеуі ағзаға ... А) күш түсіреді. В) қатер төндіреді. С) пайдалы болады. D)оттегін тасымалдайды. [1] [ ] 3.Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай? А) адамдар ауруларға ұшырайды В) емдік мақсатта қолданады С) суды үнемдеуді түсінеді D)мұздықтарды ерітеді [1] [ ] 4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз. 4. Ауру, адам ағзасы, қорғау, су, түрлі [1] [ ] 5. Жаһандық, ғаламшар, мәселе, үлкен, су тапшылығы, әкелу [1] [ ] Жазылым: Сан есімдерді қолдана отырып, қазақ тарихындағы өзіңіз үлгі тұтатын батырдың ерлігін тарихи кезеңмен сипаттап жазыңыз (60-80 сөз). [10] [ ] Айтылым: Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (әр білім алушыға 2 минут). Диалог тақырыптары: 1. Тұмар ханшайым туралы аңыз 2. Қазақ елінің мәдениеті 3. Су - тіршілік тірегі 4. Судың адам ағзасына пайдасы 5. Мектеп кітапханасында 6. Кітапхана және интернет [10] [ ]
Тұрақты тіркес — сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
ит өлген жер — алыс
тайға таңба басқандай — анық
Тілді үйіреді — тәтті
көз шырымын алу — ұйықтау
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай — мінез қылығы үйлес
Ағынан жарылды — ештеңені жасырмай, бар шындығын айтты
Ажал оғы атылды — мерт болды
Ажары кірді — көріктенді
Аузы алты қарыс — қаһарлы
Азуын айға білеген — батыл
Айдар тақты — әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі — рахат өмір
Айды аспанға бір шығарды — аты шықты
Айдың күні аманда — аман есенде
аймандай қылды — әшкереленді, ұятқа қалды
Айна қатесі жоқ(айна қатесіз) — діл, тура
Айтаққа ерді — өсекке ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді — естімейді, ұқпайды
Айы оңынан туды — жолы болды
Айызы қанды — көңілі жай тапты
Ақ ауыз қыды — алдап соқты
Айылын жимау — жасқанбау, сескенбеу
Ақ жарқын — ашық көңіл
Ақиық — айрықша асыл
Ақ киізге көтерді — хан сайлады
Ақ саусақ — еріншек
Ақыл (ой) таразысына салды — дұрыстап ойланды
Ақыл қосты — кеңес берді
Ақылға салды — ойланды
Ақысын жеу — еңбегінің ақысын бермеу / біреудің еңбегін пайдаланды
Алаауыз — бірлік жоқ
Ала болды — араздасты
Ала көзімен атты — жек көрді