Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
57. Қазақстандағы теңіздер 1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңдар. 376 мың Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап оны «теңіз» деп атайды. Оның «Гиркан», «Хазар», «Хвалын деген тарихи атаулары бар. Каспий теңізі көне дәуірде жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінген. Теңіздің жалпы ауданы шаршы км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге со- зылып жатыр. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шаяды, олар: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан, Иран Ис- лам Республикасы. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Оның 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы Жайықтың үлесі- не тиеді. Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттары арқылы басқа елдермен сауда қарым-қатынасы жүзеге асады. Теңіз жағалауында Атырау, Форт-Шевченко, Ақтау қалалары орналасқан.
1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/