?>
1992 жылы 12 қарашада еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-ев «Қазақстан Республикасында валю-та енгізу туралы Жарлыққа» қол қойды.Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау15 қарашадан басталып, 20 қараша күніаяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді.Ұлттық валютаны «теңге», жүзден бірбөлігін «Тиын» деп атайды.Ұлттық теңгені жасауға екі жылдайуақыт кетті. Теңгенің бірінші бетіне қазақхалқының ұлы тұлғалары бейнеленді.Қазақ валютасының жобасын жасағансуретшілер — Тимур Сүлейменов, МеңдібайАлин, Ағымсалы Дүзелханов, ҚайроллаӘбжәлелов.Алғашқы ұлттық валютамыз Англияда, алғашқы тиындар Германияда жасалды.Теңгені елге төрт «ИЛ-76» ұшақтарымен пересказ Пересказ
Ответы
Астана туралы диалог
- Ата, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, құлыным!
- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?
- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
- Көп рахмет сізге, ата!
- Оқасы жоқ, құлыншағым!