Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасына арналған. Ақын өлеңінде тәуелсіздіктің оңай келмегенін айтады. Тәуелсіздік жолында Қайрат, Ләззат, Сабира сынды жастар өз өмірлерін қиған. Олар сол кездегі саясатқа қарсы шыққан. Ақын осы қиыншылықпен келген тәуелсіздікті жырлаған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті 1991 жылғы 16 желтоқсанда алды. Осы тәуелсіздікті сақтау біздерге аманат екенін айтады. Бет 41, тап 4 Мәтінді оқы, видеоны қарап, тыңда, түсінгенінді жаз. Прочитай стихотворение, прослушайте и просмотрите видео, напишите 5 предложений о содержании данного стихотворения.
Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен ешуақытта кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.
Отанды сүю ұғымы туған табиғатқа, отбасына, мектепке, достарына, кітапқа, суретшілер шығармаларына, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игіліктің бәріне деген сүйіспеншілікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біздер ағаштарға, гүлдерге, үй-ішінің тыныштығына деген талпынысымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құрдастарын, үлкендерді құрметтеуді тәрбиелемес бұрын, халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.