?>
Үзіндіні талдандар. Шынайы ғылым мен әдебиеттегі ұқсастығы мен айырмашылығын «Физика» пәні бойынша саралап беріңдер. Бүл - өздерің көрген көшпелі алтынның ең оңай жасалатын түрі. Мұның сиқыр дәнеңесі жоқ. Бар болғаны, ол энергиямен зарядталған кәдімгі ауа ғана. Түзу сызықты найзағайдың разрядталуы кезінде ауаның бір кішкентай көлемінде иондану және диссоциация процесі жүреді. Диссоциация процесі кезінде ауа молекулалары жеке атомдарға ыдырайды. Ал иондану кезінде нейтрал атомдар өз бойына электр зарядын алады екен. Бұл екі процестің үздіксіз жасалып, бойында қуат сақтап тұруы үшін өте мол энергия керек. Мүндай көшпелі найзағай сол себептен де көп өмір сүрмейді. Сонымен бірге көшпелі найзағайдың осы лабораторияда жасалған қуатты түрі де бар. Ол найзағай ауада пайда болған кезінде көп өмір сүреді. Ішкі атомдық ыдырауға түсіп, мол энергия бөледі. Оны табигаттың өзі тудырған шағын атом бомбасы деуге де болады.
Ответы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т.Б.Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың» деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір-екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай-ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызмеркерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.