Құзғын (лат. Corvus corax)[2] - торғайлар отряды қарға тұқымдасына жататын құс. Торғай тәрізділердің ең ірісі.Дене тұрқы 60-65 см, салмағы 0,8-1,5 кг-ға жетеді.Түсі қара болады, бірақ көк не жасыл түсті металл сияқты жылтырап құбылып тұрады.Тұмсығы өте жуан және бөтегесіндегі қауырсындары ұзын, қандауыр пішінді келген.Сирақтары ұзын, аяқтары біркелкі қара түсті, тырнағы өткір.