Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1.Тапсырма Берілген болымды етістіктерден болымсыз етістіктерді жасаңыз : Айт , сөйле , көрсет , апар , бер , әкел , тазала , жина , тер , әкел , бар . 2 тапсырма : Дара және күрделі етістіктерді анықтаңыз : Келді , сөйлеп тұр , айтамын , оқып отыр , жазады , тазалайды , Сатып алды , сурет салды . 3 тапсырма : Туынды және негізгі етістіктер : Тазала , айтамын , сөйле , есепте , сана , отыр , жуын , жазамы , майла , тер , ақта . 4 тапсырма : Сөйлемдерді жазып , етістіктерді тап : Қыс мезгілінде ауа райы суық болады , бірақ қыстың да , күндері тамаша „ көрікті болады . Менің достарым өте жақсы , сенімді адамдар . Мен ағаммен саяхат туралы сөйлескім келеді . Жазда біз ауылға барып демалды
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын