dirzhanov683
?>

Табиғаттағы биоалуантүрлілік Биоалуантүрлілік табиғаттағы тұрақтылықты сақтайды. Биоалуантүрлілік генетикаға, экологияға, ландшафтыға байланысты. Әр адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің генетикалық ерекшелігі бар. Ол көптеген факторларға тәуелді. Жануарлардың генетикасын зерттеуден үй жануарларының жасанды тұқымдары пайда болды. Ол гендік инженериямен байланысты. Экологиялық әр тіршілік иесі белгілі бір аймақта өмір сүреді. Тіршілік иесі өмір сүретін аймағымен бірлікте экожүйені құрайды. Ландшафтық- қоршаған ортаның жер бедері. Ол құбылмалы. Тау, жазық, шөл, көлдер – тіршіліктің көзі. Оларда түрлі тіршілік көзі өмір сүреді. Биоалуантүрлілікке жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроағзалар жатады. Олар генетикалық жағынан бір-біріне ұқсайды, бірақ әрқайсысы ерекше Мәтіннен есімше мен көсемшенің жұрнақтары кездесетін сөздерді көшіріп жазыңыз. Есімше Көсемше

Казахский язык

Ответы

Evelina Mariya

Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, а ң өткен тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын айтамыз.

Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Осы жерде балалар, біздің ойымызда «мұрағат дегеніміз не болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын «Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме» деген жауаппен толықтырсақ, жазба деректердің қай жерде мұқият сақталатынына толық көз жеткіземіз. Әрине балалар, тарихи мәселелерді зерттеуде мұрағат қорларындағы тың деректерге негізделген әрбір шығарманың құны да жоғары, ақиқатының да шынайы айтылатынын білуіміз керек. Әңгімемізді бұдан әрі тарқатсақ, қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылымның – археология деп аталатынынан хабардар боламыз. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни, археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Сондай-ақ, балалар, жер бетінде түрлі халықтар өмір сүргеннен кейін олардың айналысатын кәсібі мен өзіндік мәдениеті болатыны белгілі. Осыған байланысты, түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылымды – этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия – «жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді. Этнографиялық зерттеулер арқылы біз әрбір халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзіндік ерекшеліктермен танысып, олардың шығу тегі туралы кең мәліметтер аламыз. Ал, мұндай мәліметтерді зерттеп, жинақтайтын мамандар – этнографтар деп аталады. Тарихи дерек көздерінің негізі болып табылатын этнографиялық мәліметтер археологиялық қазба жұмыстары кезінде ашылған ертедегі адамдардың мекен-жайларын, тұрақтары мен зираттарынан табылған заттарды зерттеп, өзара салыстыру арқылы алынады. Тарихи деректің тағы бір түрі антропологиялық дерек көздері екенін жоғарыда айтып өттік. Осыдан келіп «антропология дегеніміз қандай ғылым?» деген орынды сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын берер болсақ, адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсілдерінің пайда болуы мен сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымның – антропология деп аталатынына көз жеткіземіз. Яғни, антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі мен дене құрылысындағы айырмашылықтарды бөліп қарастырады. Осындай айырмашылықтарға қарай а жер бетінде еуропалық , моңғолдық және негрлік болып үш нәсілге бөлінетінін естен шығармауымыз керек. Ал, антропологтар ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесін өзара салыстыра келгенде біздің ата-бабаларымыздың алдымен еуропалық нәсілге жатқанын, кейіннен моңғол шапқыншылығы салдарынан болған этникалық өзгерістерге байланысты моңғолдық нәсілдің басым түскенін айғақтайды. Жоғарыда аталғандардан басқа тарихшылар өз зерттеулерінде нумизматика және геральдика ғылымының деректерін пайдаланады. Оның ішінде нумизматика теңгелерді, яғни ақша тарихын зерттесе, геральдика түрлі елтаңбалар мен мөрлерді зерттейтін тарих ғылымының қосалқы салалары болып табылады.

Объяснение:

Надеюсь правильно

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Табиғаттағы биоалуантүрлілік Биоалуантүрлілік табиғаттағы тұрақтылықты сақтайды. Биоалуантүрлілік генетикаға, экологияға, ландшафтыға байланысты. Әр адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің генетикалық ерекшелігі бар. Ол көптеген факторларға тәуелді. Жануарлардың генетикасын зерттеуден үй жануарларының жасанды тұқымдары пайда болды. Ол гендік инженериямен байланысты. Экологиялық әр тіршілік иесі белгілі бір аймақта өмір сүреді. Тіршілік иесі өмір сүретін аймағымен бірлікте экожүйені құрайды. Ландшафтық- қоршаған ортаның жер бедері. Ол құбылмалы. Тау, жазық, шөл, көлдер – тіршіліктің көзі. Оларда түрлі тіршілік көзі өмір сүреді. Биоалуантүрлілікке жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроағзалар жатады. Олар генетикалық жағынан бір-біріне ұқсайды, бірақ әрқайсысы ерекше Мәтіннен есімше мен көсемшенің жұрнақтары кездесетін сөздерді көшіріп жазыңыз. Есімше Көсемше
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ValeriyaAleksandr
Бегун-Марина
maglevanyycpt
srvsm
Alnkseevna
dm1trviktor585
vikola2008
reznikvi
ognevasv555
Хохлова Иванович
Хасанбиевич Колесников716
yuliyaminullina
Елена_Зайкин1665
e3913269
borzhemskaya19823110
▲