Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастыр. А мәтіні Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының онлайн-форумы өтіп, оның аясында 2020 жылдың қорытындысы шығарылды. Іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов сөз сөйлеп, ҚХА мүшелерін марапаттады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің көпэтносты өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу құрметіне қоғамдық өмірге белсене қатысқаны, адал еңбегі мен этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер: Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация орталығы, Ақсақалдар кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер клубы, Еріктілер қозғалысы орталығы, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметтің үйлестірушісі болып табылады. Жұмыс істеген жылдар ішінде мұқтаж жандарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, ардагерлерге, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған ауқымды қайырымдылық акциялары өткізілді. Форум аясында Саип Найдуев, Журсун бей Танрикулу «Жыл жәрдемшісі» атағына ие болды. Ә мәтіні Бұдан соң Қазақстаннан келген қонақтарды Якутия Жазушылар одағының бірінші секретары Софрои Петрович Данилов қабылдап, Жаңадан ашылған музеймен таныстырды. Экспонаттарға өте бай, қалам қайраткерлерінің өткен тарихы, бүгінгі болмысы, саха жұртының ауыз әдебиеті, тіпті этнографиялық колөнер бұйымдарына дейін қамтылған. Қазақ әдебиетінің Якутиядағы күндері құрметіне арнайы бұрыш ашып, мейлінше құрмет көрсеткен. Құрамында 54 қана мүшесі бар жазушылар ұйымына керемет музей салып бергені, әрине, бізді қайран қалдырды. Ертеңінде, дәлірек айтсақ, маусым айының жиырма бесінде, қадірмен тұтқан қазақ қаламгерлерін төрт топқа бөліп, Олонхо жерінің төрт бұрышына самғата жөнелді. Алда жүздеген шақырымға созылатын ұзақ сапар, қызықты кездесулер, сырластыққа шақырар сұхбат, өте-мөте келте уақыт тұр еді. Жерлестеріміздің Мирный қаласында болуы естерінен кетпес өзгеше сипатымен оқшауланады. Себебі бұл қала — халықтардың достық мекені секілді еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, асыл тас алмас өндіріп жүрген ондаған ұлт өкілдері бақытты өмір сүріп, еселі еңбек етеді. Сунтардың орталығында қазақстандық жазушылардың құрметіне достық Сэргэ (діңгек) орнатылды. Ақын-жазушыларымыз өлеңдерін оқыды, сөз сөйледі.
сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
морфологиялық сипаттарысын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. мысалы: семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
синтаксистік қызметісын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. мысалы: үш-ақ нәрсе - ң қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (абай).
сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. мысалы: төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (ғабит махмұтұлы мүсірепов).
сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. мысалы: жақсы студент жақсы оқиды.
сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.
егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. мысалы: ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кеңжолмен келеді (ғабиден мұстафин).
семантикалық топтарысын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық(туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай? ) деген сұрауларға жауап береді.
сапалық сын есімдер"сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т. дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]
қатыстық сын есімдерқатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. мысалы: үй базар, үй мазар (мақал); өткір пышақ қол кесер (мақал); бұл - жазғы жайлы қоныс (мұхтар омарханұлы әуезов).[2]