Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтін 1-ден тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыз. Мәтін 1 Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек. Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары. Өрттің алдын алу шаралары: Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді. Техникалық шаралары:өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау; құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау; әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану. Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді. Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады: ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу; ауадағы оттегі концентрациясын азайту; ыстық жанғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету. Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады
Кітапханадан кітап алу ережесін құрау.
Ұнатқан кітабыңды кітапханадан алып оқыған кезде төмендегі ережелерді есте сақта:
Кітапты берілген мерзімінен кешіктірмеуге тырыс. Оқып біте алмасаң, алдын – ала кітапханашы апайға айтып, кітапты қолдану уақытын создыруды ұмытпа.
Бұл кітапты тағы басқа да оқушылар оқитындықтан, ұқыпты қара. Кітап беттерін жыртпай, бүктемей, ішіне ешқандай сурет немесе белгілер салмай алған қалпыңда қайтар.
Егер сәл жыртылған жерін байқасаң, қолыңнан келсе, желімдей сал. Немесе кітапханашы апайға ескертіп қой.