Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3 -тапсырма.Мәтінді тыңда. Оқы. Түсінгеніңді баянда.Бір атаның балалары(үзінді)-ӨздеріңАл, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал, - деді басқарма.білесің, мен: «Жұмысшы әкелем!», - деп кеттім... Үкімет біздің Бұлғыртау ауда-нының тоғыз қолқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, менбарғанша ересектерін бөліп әкетіпті. ... Менің әкелгенім – алты-ақ бала. Бәріңежетпейді... Әзір қолда барын Құдай жолымен бөлем......Ал, Дәуренбек, деді басқарма. - ...Дүкіметіңді оқы, балалардың мән-жайын айт..Стройдың басында тұрған екеу - қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алты-да. Мынаусы — Ертай, анаусы Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы татарбаласы, аты - Рашид, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара —әйел бала, қалмақ я дүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда, жойыт тәрізді, бірақ документте: «орыс», депжазылған, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы – жаңаалдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман: неміс.Бұл баланың орны - детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасызқалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрғанжайы бар.-...Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған немісбаласының қолынан ұстады.Мен осы мықтының өзін қаладым. ...Баламның атын айт.Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз! деді Дәуренбек мырс етіп, ...Е, жөн-ақ, - деді Ахмет ақсақал. – Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүрүйге, кеттік. Апаң күтіп отыр......Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен ЗигфридВагнер ертеңіне таңертең «Зекен Ахметұлы Бегімбетов» болып ояндыМұхтар Мағауин)