Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
40. Тірек сөздерді пайдаланып, тақырып бойынша әңгіме құра. Тақырып: Сотқар мысық.Тірек сөздер: мысық, кірпі, көзі шалып қалды, қасынатақады, қозғалта алмады, арқасынан салып қалды, қан сау-лады, өзер жетті.
Күздің бір күнінде Арманның сары ала мысығы үйден шығып бақты аралап жүреді. Бір мезетте ағаш түбінде жүрген кірпіні көзіп шалып қалады. Мысық аңдап кірпінің қасына тақады. Бұны сезіп қалған кірпі дәл сол мезетте денесін жасырып, инелерін шығарып домаланып жатып алды. Мысық оны қозғалта алмады. Ақыр соңында кірпінің арқасынан тырнақтарымен салып қалып еді, қан саулай жөнелді. Мысық жан ұшыра мияулап үйге әзер жеткен еді. Ал кірпі болса мысықтан құтылғанына қуанып тіршілігін жалғастыра берді.