Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз. Ғарыш әлеміне жұлдыздар мен Галактикалар, олардың аралағындағы бос кеңістіктер, түрлі сәулелер мен газ шоғырлары және шаң-тозаңдар жатады. Жұлдыздар – айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Олар Жерден өте алыс орналасқандықтан, бізге жылтыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Кейбір жұлдыздар Күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Аспан әлемінен жай көзбен қарағанның өзінде 5000-ға жуық жұлдызды көруге болады. Ал күшті телескоппен миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Адамдар жұлдызды аспанды жұлдыздар тобы- шоқжұлдыздарға топтастырады. Әр шоқжұлдызға ат берілген. Олардың бірі- Жетіқарақшы шоқжұлдызы. Ол шөмішке ұқсайтындықтан, Үлкеншөміш деп те аталады. Кіші Жетіқарақшының пішіні де шөміш секілді. Бұл шоқжұлдыздардың ішінднгі ең жарығы- Темірқазық. Саяхатшылар мен теңізшілер осы жұлдыз арқылы бағыт-бағдарларын анықтаған. Солтүстік полюс жақта орналасқандықтан, Темірқазыққа қарап солтүстікті табады.2-тапсырма. Оқыған мәтіннің мазмұнына сүйеніп, «Ғарыш әлемінде» тақырыбына диалог құрастырып жаз.3 тапсырма Ұшыр сөзін 3 шақта жазБағалау критерийі Тапсырма №Дескриптор Білім алушы Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды 1Мәтіннен берілген ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды: - біріншісуретбойынша; - екіншісуретбойынша; - үшінші сурет бойынша; 1 1 1 Берілген тақырып бойынша диалог құрады 2Диалогтің мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді; 1Тірек сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады; 1тақырыпқа, мәнмәтінге сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді; 1сөйлеу барысында орфоэпиялық нормаларды сақтайды. 1Етістікті тиісті шақта қолданады3 Жіктеу барысында Осы шақта дұрыс қосымша қолданадыӨткен шақта дұрыс қосымша қолданадыКелер шақта дұрыс қосымша қолданады111Барлығы 10
Айналамыз толған электр қуаты. Алысқа бармай-ақ, үйіміздің өзінде қаншама электр қуатымен ғана жұмыс істейтін құрылғылар, жабдықтар бар. Егер электр қуаты ғылымның нәтижесінде қолданысқа берілді десек, "ғылымның бастауы да болмаған кезде алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?" деген сауал туады. Ол кезде адам мен табиғат арасында ешқандай шекара болмады. Олар бірге өмір сүрді.
Ал қазір ше? Қазір бізге электр қуатынсыз бір күн болсын өмір сүре алмайтындай көрінеді. Меніңше, бұл қолымыздан келеді. Тек күнімізді дұрыс жоспарлай алу керек.
Мысалы, бір күн бойы үйде отырсам, әлбетте, шыдай алмай кетуім мүмкін. Сондықтан көп уақытымды тыста өткіземін. Жақын маңдағы саябаққа жаяу барамын. Доп не велосипедімді де ала кетуді ұмытпаймын. Кейін кітапханаға баруға болады. Қалаған кітабымды алып оқу залында отырып оқимын. Ең бастысы кітап мені қызықтыруы керек. Достарымның үйіне барып, аулада әңгіме айтуға да болады. Сонан соң сурет салу, балаларға арналған әртүрлі журналдар оқып, тапсырмаларын орындау және т.б. Көрдіңіз бе, біз электр қуатынсыз өмір сүре аламыз. Бірақ ұзақ уақыт емес. Кейбір іс-әрекеттер электр қуатынсыз жүзеге аса алмайды. Мәселен, қараңғы батқанда үй тапсырмасын орындау, тамақ пісіру, қаланың келесы шетіндегі шұғыл жағдайда байланысу, тағысын тағы. Ең бастысы – барлығы мөлшерімен болғаны дұрыс.