Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3-тапсырма. Өлеңдегі жай сөйлем түрлерін ажыратыңдар. Оларға синтаксистік талдау жасаңдар.Жігіттер өнер үйрен заманында, Теңшілдік түгелімен өз қолыңда.Түрлендір шаруаңды, түс жарысқа, Талабың алға басып тұрғаныңда.Қарсы тұр жан аямай тап жауына, Алданба залымдардың арбауына.Танысып күнделікпен, өнер үйрен, Тез тырыс ұлы еңбектен қалмауыңа.
Көшпелі тұрмыста жылқыны салт мінуге, түйені жүк артуға пайдаланғаны мәлім. Сондықтан жүрдек, жүйрік, бәйге аттары төрт түліктің бәрінен де асыра бағаланған. Бірақ XIX ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының отырықшылыққа бет бұрып, арбаның көбеюіне орай жылқы жегу, жүк тарту жұмыстарына кеңінен пайдаланады. Енді қазақ ішінде мініс аттарымен қатар, арба-шанаға бірдей жүретін әмбебап жылқылар да бағалана бастады. XIX ғасырда таулы аудандардан басқа аймақтардың бәрінде дерлік екі доңғалақты ағаш арба кең тарады. [86.250-б.]
Арба жасау үшін ағаш ұсталары сәуір, мамыр айларында қайың ағашының жұмсақ, иілгішін уақытында кесіп алып, иетін жерлерін иіп, мүшелерін бөліп-бөліп жинап қоятын. Арбаның доңғалағы үшін, әдейі қайыңның доғадай иілген жері кесіп алынады. Жаз бойы ұста арбаларды құрастыруға кірісетін. Арбаның екі доңғалағы, жүк басатын қорабы (жәрәңдік), білігі, тертелері (арбаның жетек ағашы), ешбір шеге қолданылмастан тұтастай ағаштан, көпке шыдайтындай мықты етіп жасалатын.