Shurshilina850
?>

Мәтінде көтерілген 3 мәселені жазыңыз1-мәселе2-мәселе3-мәселе​

Казахский язык

Ответы

kolgatin69

Отаным – алтын бесігім

Отан – адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Отансыз адам болмайды. Тағдырдың жазуымен, яғни адамның өзіне байланыссыз себептермен немесе опасыздықпен Отанынан қол үзген адам болады. Екеуі де бақытсыз, бірақ алдыңғысы – аянышты, ал соңғысы – жиіркенішті пенде.

Отан – белгілі бір адам үшін оның туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, солармен бірге осы өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің ұшан-теңіз ертегі-аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырларымыз, мақал-мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыз бен шешендеріміздің нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы және олардың өзі қандай терең мәнді, көркем сөз маржандары десеңізші! Бауырлас халықтарымызға ортақ «Отаның – алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық», «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне», «Ер – елінде, гүл – жерінде», «Жат елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты ғажайып мақалдар қаншама?!

Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге оны жауларынан жан аямай қорғау – әр перзенттің парызы, міндеті де. Отан-ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтінде көтерілген 3 мәселені жазыңыз1-мәселе2-мәселе3-мәселе​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

allo22-27
ser7286
mashere59
Tkachenko1050
elenasnikitina84
Lolira64
ViktorovnaLarin
rudakovam198
dushechkin2
milkiev
Борисовна
Nzharenikova
sv455umarketing74
Елена Надыч524
madjk