mrvasilev2012
?>

І. Оқылым.Мәтінді мұқият оқып, ойды жалғастырыңдар. (3 б) Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілті білім. Дана бабаларымыз; «Күш білімде, білім кітапта», «Мұхит басы- бұлақ, білім басы- кітап», - деп бекер айтпаған. Ерінбей оқып, талмай іздену арқылы адам рухани тұрғыдан жетіліп, білім нәрәмен сусындайды. Мұндай адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман- мақсатына білім арқылы жетеді.Жас жеткіншектер данышпан бабаларымыз жазып қалдырған кітаптарды көп оқулары керек.1. Егеменді еліміздің ертеңі 2. Кітап оқыған адам 3. Кітап ​

Казахский язык

Ответы

Вячеслав

ответ:Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жана бермек.

Ұзақ уақыт бойы қыспақта болып, құрудың алдында қалған ұлттық құндылықтарымызды ұлт болашағының негізгі діңгегі ету - мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты өзегі.

Осы ретте, еліміздің ертеңі, әрқайсымыздың өмір жалғасымыз болып табылатын жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу - аса өзекті тақырып. Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбие менадами сезімді қалыптастыру және дамыту мәселесі қазақ ақын-жырауларының ой иірімдері, даналық тұжырымдары, халықтың адамгершілік ұғымдары, этнопедагогикалық ойлар арқылы жүргізілуі тиіс. Бұлар өз кезегінде жас ұрпақтың адамгершілік сезімдерін дамытып, Отан алдындағы міндеті мен борышын адал атқаруға деген оң көзқарасының қалыптасуына мақсатты ықпал етеді.Қорыта келгенде, ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім болды. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатырған тарихымыздан көшпенді қазақ тәрбиесіндегі өркениет, мәдениеттің болғанын бабалар қалдырған мұралардан, халық аузында жүрген мақал-мәтелдерден-ақ көруге болады. Қазақтың әрбір айтқан сөзі даналыққа сүйеніп, дәстүр мен дін біте қайнасқан үлгісінде көркем бір бейнеде үйлесімділік таба білгені анық. қазақтың иман мен имандылық сөздерінің астарында қандай мағына жатқанын білсеңіз. Иман әуелі кәлимамен келеді, имандылық сол кәлиманың астарындағы адамгершілік, инабаттылық, ибалық сынды барлық ізгі істерден құралады. Міне, сол имандылықтың нәтижесі имандылық болған. Имандылық бар да – тәртіп те, бейбітшілік те, адами құндылықтардың барлық көріністері адамның бойынан табылатыны сөзсіз. Сондықтан да ұлттық құндылығымызды жаңғыртқан кезде ғана біз мәдениетімізді жаңғырта тірілте аламыз.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

І. Оқылым.Мәтінді мұқият оқып, ойды жалғастырыңдар. (3 б) Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілті білім. Дана бабаларымыз; «Күш білімде, білім кітапта», «Мұхит басы- бұлақ, білім басы- кітап», - деп бекер айтпаған. Ерінбей оқып, талмай іздену арқылы адам рухани тұрғыдан жетіліп, білім нәрәмен сусындайды. Мұндай адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман- мақсатына білім арқылы жетеді.Жас жеткіншектер данышпан бабаларымыз жазып қалдырған кітаптарды көп оқулары керек.1. Егеменді еліміздің ертеңі 2. Кітап оқыған адам 3. Кітап ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

VladimirovnaViktorovich
smint056950
zaretskaya37
slonikkristi69
shangina1997507
olg14855767
sanhimki47
alexeytikhonov
kate1610
orion-inginiring7807
Oslopova
info46
Alyona1692
vladburakoff5
Kuzina Sergeevna