Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын (мақала, әңгіме, эссе немесе хат) жазыңыз. Тыныс белгілерді дұрыс қолданыңыз.200-250 сөз
Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған тұратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100 000 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған.