Ілияс жансүгіров – қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу – 20-жылдардың басында келді. бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген еді. өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. алматы, ташкент, мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «күй», «күйші», «құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. ілияс поэзиясы — ойға – қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Svetlana1287
09.08.2022
Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында елбасы нұрсұлтан назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. көп ұзамай астана еліміздің қ, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. 1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 құраған. қазақстандық менеджмент, және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай астанада 1 млн. 200 мың тұратын болады. әрине, қазіргі заманға сай астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. объектілердің шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары тартылды. астананың базасының 2000 жылы құрылған институты - “астана бас жоспары” мқк-ның қосқан үлесі зор. 2002 жылы қолайлы ивестициялық хал-ахуалды қалыптастырып, жеке инвесторларды тартуға жол ашқан “астана – жаңа қала” арнайы қ аймақты құру туралы жарлық шықты. елорданың бас жоспарын жасауына үлкен көңіл бөлінді. ең үздік бас жоспарына екі конкурс жарияланды. екінші конкурсқа ресей, италия, жапон, австралия, германия, түркия, польша, өзбекстан, беларус және т.б. елдердің шығармашылық топтары мен шеберлері қатысты.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап бер. мәтіннен түсінгеніңді баянда.
прочитай текст вверху там есть ответы