Елбасымыз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған өзінің дәстүрлі 2015-2019 жылдарға арналған 19-шы Жолдауын жариялаған болатын. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын бұл Жолдау – жаңа сын-қатерлермен және жаһандық қаржы– экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған бүгінгі әлемде елімізді жұдырықтай жұмылдырып, болашаққа деген нық сенімін ұялатқан тарихи маңызы зор Жолдау болды.
Елбасы жолдауындағы көтерілген маңызды мәселе –қиындықтан шығу жолында ұлттық қор қаражатының жұмсалуы болып табылады. «Түстік өмірің болса, күндік ас жи» демей ме халқымыз. Кезінде Елбасының өз бастамасымен ұлттық қорды құруы-даналық шешім болатын. Міне, енді ол елді тығырықтан шығарудың басты жолы болып отыр.
Жолдауда жарияланған «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының басты тұғыры 5 жылға есептелген, 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған инфрақұрылымды даму жоспары болып табылады. Елбасының экономиканың осындай қиын кезеңінде қаражатты инфрақұрылымға (темір жол, авто жолдар, электр желілері, газ құбырлары,т.б.) салғаны атап өтерлік. Себебі, бұл – экономикалық заңдылық. 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезінде Қытай дәл осындай жолды таңдаған болатын. Қателескен жоқ.
Елбасы Жолдауында әсіресе жол мәселесіне басқа көңіл бөлінген. «Жол – деді Елбасы,- шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі.
Тәуелсіз еліміздің басты идеологына айналған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдаудың соңында ұлы ұлттық Идеямыз-«Мәнгілік Ел» жөнінде тағы да рухымызды көтере, нығарлай атап өтті. «Біз – деді Елбасы, – Жалпы ұлттық идеямыз – «Мәнгілік Елді» басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырды. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. «Мәңгілік Ел» – елдің біріктірушы күші, ешқашан таусылмас уақыт көзі. Ия, қандай дәл айтылған рухты сөздер десеңізші. Осынау ата-бабаларымыздың ұлы арманы-Мәнгілік Ел болуды Тәңірім біздің-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан халқының маңдайында жазыпты.
Тарихқа есесі кеткен қазақтың бүгін бақытты болуға, Мәңгілік Ел болуға толық құқы бар! Ендеше бүгінгі алмағайып қиын заманда алпауыт державалардың ықпалына түсіп, жұтылып кетпей, шаң қуып алмай, Мәңгілік Ел болып қалуымыз үшін Нұрағаның нұрлы жолымен жұдырықтай жұмылып, жасампаздықпен енбек етейік ағайын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазіргі таңдағы әлем сахнасында ойып тұрар өз орны бар қай елді алып қарасақ та, өзіндік тың тарихы, ұмытылмас қиыншылығы бар. Оны әсте ешкім ұмыта қоймас. Дәл сондай қазақ халқының аспанынан да қара бұлттай үйірілген ауыр күндер өтті. Дегенмен де елім деп еңіреген қазақтың хас батырларының арқасында бар ауыртпашылықты еңсердік. Аңталаған жауға еңсемізді түсіріп, жерімізге қол сұғып, көп ғасырлық мәдениетіміз бен дәстүрімізді ұрлауға жол бермеді. Сол күрес жолындағы ең үлкен қадамның бірі – аталарымыздың Ұлы Отан соғысында жеріміз, еліміз үшін деп жан аямай жан беріскендігінде. 4жылға созылған сұрапыл соғыс елімізді қажытып, титықтатқанымен, жұдырықтай жұмыла келе жеңіс төрінен көрініп, азаттық таңына деген үлкен әрі бірегей қадам жасады. Ол жеңістен бері де міне 75жыл да өтті. Дегенмен де әлі күнге дейін соғыстың ащы дәмін татқан ардагерлерімізбен бірге жеңіс алауын бірге жағып келеміз. Олардың көзі көрген сұм заман көрінісін санамызбен ұғынып, ата-бабаларымыздың көрген қиыншылығы мен азабын аса бағалап, зор құрметпен қараймыз. Батырлар әңгімесін өнеге тұтып, нағыз патриотизмнің не екенін шын ұққандай боламыз!
157 сөз
Объяснение: