ең танымал полиглоттар
бүгінгі жазбам ең танымал полиглоттар жайлы болмақ. осы ақпаратты қарап отырып майкл эрардтың «полиглот феномені» деген кітабын тауып алдым. кітаптың мазмұны туралы келеі оқи аласыздар.
ал қазір ең танымал полиглоттар туралы айтып өтейін.
ватикан кітапханасының қорғаушысы кардинал джузеппе каспар меццофанти туралы көп айтылады екен. байронның замандасы 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сөйлеп, 50-ге шақты тілде өлеңдер мен эпиграммалар жазған.
аудармашы және жазушы като ломб 15 тілді меңгерген, оның ішінде — итальян, француз, поляк, қытай, жапон. бұл тілдерді ол ересек кезінде, аз уақыт ішінде меңгеріп алған.
британ журналисті гарольд уильямс сексен тілді біледі. ол он бір жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жаттап алған.
вилли мельников афганистанда әскери борышын өтеп жүргенде жараланады (контузия), осындан кейін оның тіл меңгеруге деген сенгісіз қабілеті пайда болады. 93 тілде өлең жазады.
иштван даби, венгер аудармашысы және жазушы, 18 жасында 18 тіл білгенімен танымал болды. тіл үйренуін жалғастыра берген иштван даби 103 тіл біледі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нүктелі үтір қатысқан мақал-мәтелдер
ответ:
нүктелі үтір (; ) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.
мысалы: шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса, жанбасына салуға жетпейді; жата қалса, жанбасына жер батады. ("ә және и")
нүктелі үтірді қоюда сөйлемнің мағынасы негізге алынады дегенде, баяндауыштары біркелкі тұлғалы жай сөйлемдердің мағыналары әрі өзара жақын, әрі тәуелсіз болатындығы және оларды жеке-жеке сөйлем еткенде мағынаға нұқсан келмейтіндігі ескеріледі. мәселен, жоғарыда келтірілген сөйлем құрамынан нүктелі үтірмен бөлінген сөйлемдерді дербес қалпында жеке-жеке қолдануға болады, және одан мағынаға нұқсан келмейді.
қойылу жағдайлары
нүктелі үтір мынадай жағдайларда қойылады:
баяндауыштары тұлғалас, мағыналары теңдес, санамаланған сөйлемдер жалпылауыш мәнді сөйлемдердің мағынасын ашып тұрса, санамаланған сөйлемдердің әрқайсысы нүктелі үтірмен ажыратылады.(жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады; біреуі оның атын атап айқайлады; енді біреулері ерсілі-қарсылы жүгірді. б.
баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірін-бірі толықтырып тұратын болса, ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады.(кісіге біліміне қарай болыстық қылады; татымсызға қылған болыстық өзі бұзады (абай)
мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдерден соң нүктелі үтір қойылады.(бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан артық (абай).
нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасына ғана емес, сонымен қатар мағыналары жуық, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады.
жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып тұратын шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар нүктелі үтірмен ажыратылады.(жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың (абай)
бастауыштары тұлғалас, мағыналық жағынан жақын, өзара теңдес болып келетін салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер іштей нүктелі үтірмен ажыратылады.(байжан студенттік шақтарының бәрін құмартқан днепрдің жағасында өткізді; көздің жасындай мөлдір суында талай қаздай қалқып жүзді; жасыл шалғынына талай аунады; тоғайын талай кезді (с.
жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып көрсететін санамаланған күрделі бірыңғай мүшелер үтірдің санын көбейте бермес үшін, нүктелі үтір қойылады.(дулаттың деңгелек құйрық, сида сирақ ақ ауыз қойын; бүйірінің жабағысы түсіп қалған таңқы құйрық қарғалы қойын; жағының жүні үрпиіп тұратын меринос қойын; сирағы қысқа, жүні тығыз, сүйегі шағын қазақтың биязы жүнді меринос қойын; александр антонович көріп: - колхозыңыз қойдың талай тұқымын жиған-ақ екен! - деді.[1]
объяснение: