Объяснение:
Поиск...
Избавься от ограничений
ПОПРОБУЙ ЗНАНИЯ ПЛЮС СЕГОДНЯ
danik183
13.02.2018
Қазақ тiлi
5 - 9 классы
ответ дан • проверенный экспертом
Ұлы дала тарихы эссе көмектесіндерші
1
СМОТРЕТЬ ОТВЕТ
Войди чтобы добавить комментарий
ответ, проверенный экспертом
4,7/5
56
damettie
почетный грамотей
2.2 тыс. ответов
6.7 млн пользователей, получивших
Эссе
Ұлы Дала тарихы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:"Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек"-деп айтқандай,еліміз бен жеріміздің өткенін,тарихын білмесек,біз болашаққа нық қадам баса алмаймыз.Ұлы дала тарихы ол – Қазақстан елі мен жерінің тарихы.Ол біздің ата-бабаларымыздың жасаған тарихы.Қазақ жер ұшса қыран қанаты талатын байтақ жер.Ал халқымыз аз да болса,қонақжай,момын.Осы жерімізде талай майдандар мен алмағайып соғыстар, текетірестер болды.Ел-жұртымыз маңдай терін ағызып,ақтық демі қалғанша атамекен үшін жауға тойтарыс берді.Рас, ұлтымыздың тарихы бір-екі ғасырлық тарихи оқиғалардан тұрмайды. Сақ, ғұн, түркі дәуірі мен моңғол шапқыншылығы тұсындағы тарихи оқиғалар қазақ жерімен тығыз байланысты. Осындай сан ғасырлық тарихи үдерістер барысындағы өткен оқиғалардың желісі мен мағынасы – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен сабақ, тарихи тағылым.
Ұлы Дала жерін түрлі тарихи кезеңде мекен еткен тайпалар мен олардың құрған мемлекеттері қазақ тарихының ажырамас бөлшегі болып табылады.Тәухе хан "Жеті жарғысымен" заңды қадағалады,Абылай хан халқын біріктірді,жырауларымыз шындықты,елдікті жырлап халықтың жағында болды.Қайсар халқымыз тіпті Ұлы Отан соғысына да қаймықпай төтеп берді,ал 1991 жылғы желтоқсанында жастардың ел қамын жеген өр дауыстары таңдай қақтырады.Бүгінде Қазақстан – тәуелсіз,зайырлы,бейбіт,Мәңгілік ел.Еліміздің сан ғасырды артқа тастаған тарихы да,мәдениеті де,рухы да біздің қолымызда.Ендігі кезекте егемендіктен айрылмай,күш салып,гүлдене түсуіміз керек.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. мысалы: қызық (кітап), өнерлі жақсы (хабар), бойшаң
сын есім қандай? қай? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш болады. мысалы: қызық кітап оқыдым.
сын есім етістіктің алдынан тіркесіп, пысықтауыш болады. мысалы: ол жақсы оқып, жақсы жүреді.
сын есім сөйлемнің баяндауышы да болады. мен үлкенмін, сен кішісің.
тұлғасына қарай сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
негізгі сын есім: қызыл, кәрі, жұмыр, сары, күрең, нашар, сұр, үлкен.
туынды сын есім: ұялшақ, үлгілі, әсемпаз, өнерлі, күзгі, таулы.
туынды сын есім сын есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.
сапа сыны мен қатыстық сын
шырай арқылы түрлене алатын сын есімнің түрін сапа сын дейміз. мысалы: жақсырақ, көңілдірек, өте көңілді, жап-жасыл, сарылау, бозаң, үп-үлкен.
шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнің түрін қатыстық сын дейміз: қалталты, көйлексіз, күзгі, байпақшаң, қалалық (комитет).
дара және күрделі сын есімдер
сын есім заттың сындық сапасын бір сөз арқылы да, көп сөз арқылы да білдіреді. мысалы: үлкен, нашар, жасыл, тар, әдемі, кіші, қара күрең, үлкенді-кішілі, сары ала, қара тонды.
күрделі сын есімдер бір лексикалық мағынада, бір сөйлемнің мүшесі қызметінде қолданылады. мысалы: бөлмеге жуантықтау орта жасты, жирен шабдар әйел кірді (с.
күрделі сын есімдердің жасалуы мынадай:
1) негізгі сын есімдердің тіркесуі арқылы жасалады. мысалы: қара ала, ақ шабдар.
2) негізгі сын мен туынды сынның тіркесі арқылы жасалады. мысалы: көк көйлекті, қара қалпақты.
3) сын есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. мысалы: үлкенді-кішілі, ақтылы-қаралы, үлкен-үлкен,жақсы-жақсы.
4) тұрақты тіркестер арқылы жасалады. мысалы: тонның ішкі бауындай.
сын есімнің заттануы (субстантивтенуі)
сын есім өзінін сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие болып колданыла алады. м ы с а л ы: күштімен алыспа, үлкенді сыйла.
мұндай сын есімдерді заттанған сын есімдер дейміз. заттанған сын есімдер әдетте өзі қатысты заттың орнына жұмсалады. мысалы: үлкен сыйла — үлкенді сыйла.
сын есімнің шырайлары
заттың сындық сапасының басқа заттан артық-кемдігін білдіретін сын есім мағынасын шырай дейміз. қазақ тілінде 2 түрлі шырай бар: 1) салыстырмалы шырай, 2). күшейтпелі шырай.