tarrin-ka
?>

Сочинение на казахском на тему "тіл мәдениетін сақтайық"

Казахский язык

Ответы

avguchenkov

тіл мәдениеті  – әдеби тілдің нормасы мен оның , сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.

қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде тіл мәдениеті .

toniv

ответ:

нүктелі үтір (; ) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.

мысалы: шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса, жанбасына салуға жетпейді; жата қалса, жанбасына жер батады. ("ә және и")

нүктелі үтірді қоюда сөйлемнің мағынасы негізге алынады дегенде, баяндауыштары біркелкі тұлғалы жай сөйлемдердің мағыналары әрі өзара жақын, әрі тәуелсіз болатындығы және оларды жеке-жеке сөйлем еткенде мағынаға нұқсан келмейтіндігі ескеріледі. мәселен, жоғарыда келтірілген сөйлем құрамынан нүктелі үтірмен бөлінген сөйлемдерді дербес қалпында жеке-жеке қолдануға болады, және одан мағынаға нұқсан келмейді.

қойылу жағдайлары

нүктелі үтір мынадай жағдайларда қойылады:

баяндауыштары тұлғалас, мағыналары теңдес, санамаланған сөйлемдер жалпылауыш мәнді сөйлемдердің мағынасын ашып тұрса, санамаланған сөйлемдердің әрқайсысы нүктелі үтірмен ажыратылады.(жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады; біреуі оның атын атап айқайлады; енді біреулері ерсілі-қарсылы жүгірді. б.

баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірін-бірі толықтырып тұратын болса, ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады.(кісіге біліміне қарай болыстық қылады; татымсызға қылған болыстық өзі бұзады (абай)

мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдерден соң нүктелі үтір қойылады.(бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан артық (абай).

нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасына ғана емес, сонымен қатар мағыналары жуық, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады.

жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып тұратын шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар нүктелі үтірмен ажыратылады.(жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың (абай)

бастауыштары тұлғалас, мағыналық жағынан жақын, өзара теңдес болып келетін салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер іштей нүктелі үтірмен ажыратылады.(байжан студенттік шақтарының бәрін құмартқан днепрдің жағасында өткізді; көздің жасындай мөлдір суында талай қаздай қалқып жүзді; жасыл шалғынына талай аунады; тоғайын талай кезді (с.

жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып көрсететін санамаланған күрделі бірыңғай мүшелер үтірдің санын көбейте бермес үшін, нүктелі үтір қойылады.(дулаттың деңгелек құйрық, сида сирақ ақ ауыз қойын; бүйірінің жабағысы түсіп қалған таңқы құйрық қарғалы қойын; жағының жүні үрпиіп тұратын меринос қойын; сирағы қысқа, жүні тығыз, сүйегі шағын қазақтың биязы жүнді меринос қойын; александр антонович көріп: - колхозыңыз қойдың талай тұқымын жиған-ақ екен! - деді.[1]

объяснение:

Лоскутова

ответ:

қазақстан көпұлтты ел. мұнда 150-ден астам ұлт тұрады. әрбір этникалық топтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жиі кездеседі. сіз сабақта мектепте халық қолөнерін қолдай аласыз. студенттермен тиімді сабақ өткізу үшін жабдықтар мен жабдықтарды қамтамасыз етіңіз.

себебі, негізінен, халық қолөнері ағаштан, темірден және былғарыдан жасалған. ауылшаруашылық мамандандырылған орта мектептерде ағаш ұстасы, тоқаш, ағаш ұстасы, қышшы, темір ұстасы және т.б. сияқты мамандықтар көтерілуі мүмкін. осы мамандықтар бойынша стипендия алу және әртүрлі жеңілдіктер.

объяснение:

не ручаюсь за совершенную корректность перевода

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на казахском на тему "тіл мәдениетін сақтайық"
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

zrs-546
olg14855767
alexeytikhonov
orion-inginiring7807
ver2bit29
Alyona1692
slonikkristi69
orion-inginiring7807
annasv8
Getmantsev417
yusliva
ali13zakup5064
strelnikov-aa
koochma
Сороченкова-Александр