Әйелдің ең бірінші парызы – ине мен жіптің парқын білу, яки тігіншілік өнерін терең меңгеру. ал, екінші парызының не екені әлі күнге құпия» деген екен ағылшын жазушысы оскар уайльд.тігіншілік секілді тоқу да – қазақ халқының ежелден келе жатқан қадірменді өнері. қолмен тоқыма тоқу өте кеңінен таралған, оның мыңдаған жылдық тарихы бар. заман алға жылжығанымен, бұл өнер түрі әлі ескірген жоқ. керісінше, жыл өткен сайын ң тоқыма бұйымдарына деген қызығушылықтары арта түсуде.қазақ қашаннан он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. сондықтан да оқушыларды ата-баба мұрасын терең танып, білу арқылы қазақтың ежелден келе жатқан тоқу өнеріне баулу бағытында мектебімізде көптеген игі істер атқарылуда. алқалы топ сарабына салынып, «мың » жобасы құрылды. осы жобаны пайдаланып, ата-бабамыздың ұлттық дәстүрі мен өнерін одан әрі «шебер қолдар» үйірмесін құрып, шығармашылық жұмыстар атқарып жатырмыз.өнерліге – өріс кең екенін ескере отырып, оқушылар арасынан қолөнерге деген икемі бар қыздар іріктеліп алынды. соның ішінде мәдина жолымбетова, гүлжан төртбаева, ниязбек, арайлым құлбекова, аружан саттарова сынды қыздарымызды атап өтуге болады. әсіресе, тоқыма тоқуда алдына жан салмайтын, тоқудың көптеген түрлерін жете меңгерген, ұшқыр ойлы, ң және табиғаттың сырын жүрегімен түсініп, сезінетін шәкіртім зарина серіктің есімін мақтанышпен айта аламын. «бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, олардың өнерлі де шебер болып өсулеріне ұйытқы болып, білім мен өнерді қатар ұштастырып келеміз. себебі, өз ұлтын, туған жерін, салт-дәстүрін, тілін, дінін, мәдениетін жақсы білетін оқушы ғана ұлттық өнер мен білімді ұштастыра алады.
Varagyan1728
14.06.2021
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасы — қазақстан республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. 1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. қазақстан республикасы президентiнiң «қазақстан республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар жарлығымен белгiленген.рәмiздiк тұрғыдан қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. ол — елтаңбаның жүрегi. шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. шаңырақ — күн шеңберi. айналған күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.түндік — таза көк аспанын бейнелейді. үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. әрбiр ң жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. ол өлмес өмiрдiң бейнесi. бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. төменде таспа белдігінде ірі әріппен «қазақстан» деген жазуы бар.қазақстан республикасының мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, қазақстан республикасы президентiнiң резиденциясында сақтаулы тұрған қазақстан республикасының мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс. қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — жандарбек мәлiбеков пен шота уәлиханов.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз, кестені толтырыңыз