Жыл мезгілдері– аспан сферасы (эклиптика) бойымен қозғалатын Күннің көрінерлік қозғалысына және табиғаттағы маусым өзгерістеріне байланысты жылдың кезеңдерге бөлінуі.
Ежелгі дәуірде адамдар жылды әр түрлі бөліктерге бөлген. Үнді мұхитының аралдарындағы тайпалар муссон желінің соғуына қарай, жылды екі мезгілге бөлген. Олардың жерінде муссон 180 – 185 күн оңтүстік-батысқа қарай, содан кейін 180 – 185 күн солтүстік-шығысқа қарай соғады. Орталық Африка тайпалары өз жерлерінде ауа райының нөсер жауынды, қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына қарай жылды үш мезгілге бөлген. Осы күнгі халықтардың көпшілігі жылды жазғытұры (көктем), жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөледі. Бұлай бөлуге тиянақты астрономиялық негіз бар. Жердің орбитасы, яғни оның Күнді айналып жүретін жылдық жолының түрі эллипс түрінде болады. Жер эллипстің доғасын бойлап, орбита бойынша Күнді айналумен бірге өз осінен де айналып тұрады. Ол өз осінен бір рет айналып шыққанда бір тәулік уақыт өтеді. Жердің «күнгейі» немесе «теріскейі» жоқ, осьтен айналу салдарынан оның бетіндегі нүктелер, мысалы, қалалар тиісті ретімен Күн жаққа ауысып отырады. Жердің жарық түскен жарты бетінде күндіз, көлеңкеде қалған жарты бетінде түн болады. Жердің осі – ойша болжанатын геометриялық түзу сызық. Бұл ось Жердің полюстерінен өтіп, оның Күнді айналу орбитасы жазықтығында жуық түрде 66°33` бұрыш жасайды. Осьтің бағыты өзгермейді деуге болады (мардымсыз аз өзгерісі есепке алынбайды). Егер Жердің осі оның Күнді айналу орбитасы жазықтығына перпендикуляр болса, Күн сәулелері Жер бетінің әрбір нүктесіне бүкіл жыл бойы біркелкі түсіп, оны үнемі біркелкі жылытып отырар еді, яғни Жыл мезгілдері ауы еді. Күн мен түн де ұзарып-қысқарып отырмай, өзара тең 12 сағаттан болар еді. Жер әрі Күнді, әрі өз осінен айналып жүретіндіктен және осінің бағыты өзгермейтіндіктен, орбитаның АВС доғасында оның оңтүстік полюсі (S) көлеңкеде қалады да, солтүстік полюсіне (N) жарық түсіп тұрады, ал CDA доғасында – солтүстік полюсі көлеңкеде қалады да, оңтүстік полюсіне жарық түсіп тұрады. Сондықтан полюстерде жарты жыл түн – қараңғылық болады да, жарты жыл күндіз – жарық болады. Солтүстік полюстің түні қыркүйектен наурызға дейін созылады. Жер экваторындағы нүктелер ұзақ уақыт көлеңкеде қала алмайды, олар ретімен жарты тәулік Күн жаққа шығып, жарты тәулік көлеңке жақта болады. Экватор мен полюстер аралығындағы жарты шарларда күн мен түн бірде қысқарып, бірде ұзарып отырады. Бұл жарты шарларда күн мен түн жылына екі-ақ рет A және C нүктелерінде теңеледі. 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұры (Оңтүстік жарты шарда – күзгі) теңелу күні. 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңтүстік жарты шарда – жазғытұры) теңелу күні. B және D нүктелерінде күн тоқырайды. Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні. Астрономиялық тұрғыдан алғанда, орбитаның АВ бөлігі жазғытұрымға, яғни көктемге (20 – 21.3 – 21 – 22.6), ВС – жазға (21 – 22.6 – 23.9), СD – күзге (24.9 – 21 – 22.12). DA – қысқа (21 – 22.12 – 20 – 21.3) сәйкес келеді. Оңтүстік жарты шарда Жыл мезгілдері бұған кері, яғни АВ күзге, BC қысқа, CD – жазғытұрымға, DA жазға сәйкес болады. Астрономиялық Жыл мезгілдерінің ұзақтығы бірдей емес: көктем 92,8 күн, жаз 93,6 күн, күз 89,8 күн, қыс 89 (кібісе жылдары 90) күн. Жылдың бірінші жартысы 186, екінші жартысы 179 (180) күн. Демек, Жер орбитаның АВС бөлігінде шапшаң, CDA бөлігінде баяу қозғалады. Оның орбитадағы орташа жылдамдығы сағатына 108 мың км. Күнделікті тұрмыста наурыз, сәуір, мамыр – жазғытұры айлар, маусым, шілде, тамыз – жаз айлары; қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары; желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары болып есептеледі.[1]
Амёба (гр. Lodosea – өзгергіш) – қарапайымдар типіне жататын тамыраяқтылар класының өкілі. Қабыршақтары мен ішкі қаңқалары жоқ. Денесінің сыртқы пішіні тұрақсыз, көлемі 20 дан 700 мм кейде одан да зор. Жалған аяқтарының пішіні мен ұзындығы әрбір түрге тән.[1]
Амёбадың көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді. Денесі бір клеткадан құрылады, олардың денесінде қабықша болмайды. Дене пішіндері тұрақсыз: қалақша, саусақ, жебе тәрізді болып келеді. Амёбаның дене мөлшері 20 – 700 мкм шамасында. Денесінің кез келген жерінен үнемі өсіп шығатын жалған аяқтары болады. Соның көмегімен қозғалып, қорегін ұстайды. Ұстап алған қорегінің айналасында цитоплазмадан ас қорыту сөлі бөлініп, ас қорыту вакуолясы пайда болады да, онда қорегі қорытылады. Ал қорытылмай, сіңбей қалған қорегі әрбір 5 – 8 мин. сайын денесіндегі көпіршік тәрізді жиырылғыш вакуоля арқылы сыртқа шығарылады. Барлық денесімен тыныс алады. Амёбалардың әдетте бір ядросы болады, денесі екіге бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Амёбадың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда оның денесі жұмырланып, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Ал қайтадан қолайлы жағдай туғанда циста жойылып, бұрынғысынша тіршілік ете бастайды. Амёбадың кейбір түрлері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың организмінде, сондай-ақ адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең зияндысы – дизентерия Амёбасы (Entamoeba hіstolytіca). Ол адамды амебиаз ауруына шалдықтырады.[2]
АМЕБАЛАР. ҚАРАПАЙЫМ АМЕБАЛАР
Тұщы суда, батпақты жердегі мүктер арасында тіршілік ететін амебалар жалаңаш амеба және бақалшақты амеба түрінде кездеседі. Амебалардың түрлері өте көп, тек теңізде ғана тіршілік ететін, қайырылған теңіз түбіндегі қалдықтар мен жыныстар арасынан бақалшақтары құрылысқа пайдаланылатын, диаметрі 0,1 мм-ден 20 сантиметрге дейін жететін ерекше бақалшақты шұрықденелілерді кездестіруге болады. Жалаңаш амебалар, бақалшақьы амебалар және теңіз тамыраяқтылар класына жатқызылады. Бұлардың дене пішіні, құрылысы, тіршілік әрекетінде өзгерістер болғанмен, негізгі белгілері ортақ болғандықтан, жалғанаяқтылар класына топтастырылады. Біз осы кластың өкілі, кез келген тоқтау суларда кездесетін қарапайым амебамен танысамыз.
Қарапайым амебаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Бұл – жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның дене мөлшері мм-дің 1/5-3/4 бөлігіндей болады. Қарапайым амебаның негізгі мекені – су өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен органикалық заттары мол суқойма түбіндегі тұнба. Оның тұрақты пішіні болмайды, денесі қоймалжың цитоплазмадан және кішкене ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі шырыштан құралады. Денесінің мөлшері өте кішкене болғандықтан, қарапайым амебаның құрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді. Біржасушаның ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалу әсерінен амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда болып, ол бірте-бірте созылады да, жалғанаяққа айналады. Амеба жалғанаяқтары арқылы бір жерден екінші жерге жайлап қозғала алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің тамыры тәрізді болғандықтан, амебаша қозғала алатын біржасушалы жәндіктерді кейде тамыраяқтылар деп те атайды. «Амеба» гректің сөзі, қазақша баламасы – «өзгергіш» деген мағына береді. Жалғанаяқтар дененің әр жерінен пайда болып, қайтадан жойылып тұратындықтан, амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп отырады.
Қоректенуі. Амеба денесінің кез келген жерінен пайда болатын жалғанаяқтарымен тек қозғалыр қоймай, қорегін (ұсақ балдырлар, бактериялар) де қармайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма өсінділері оны екі жағынан орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық тамшылары – асқорыту сөлі бөлініп, қоректің түйірі орналасқан жерде вакуоль пайда болады. Вакольдің ішіндегі асқорыту сөлі қоректі ерітіп, денеге сіңіреді де, оның қорытылмай қалған бөлігі дененің кез келген жерінен сыртқа шығарылады. Сол кезде асқорыту вакуолі жойылып кетеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Земский собор 1549 г. историки называют Собором примирения. Кто с кем «примирился» на Соборе? Почему без этого примирения а невозможно было начать реформы?
Земский собор 1549 г. вошел в историю под названием «Собора примирения». По определению самого Ивана IV, целью его была попытка «смирить всех в любовь». В сущности, «собор примирения», как и Избранная рада, отражал политику компромисса между феодальной аристократией, с одной стороны, и служилым дворянством с другой. Целью ее была консолидация правящего класса и «умиротворение» посадских людей и крестьян обещанием защитить их от притеснений боярства и местных властей. Выступая перед участниками собора, 18-летний царь публично заявил о необходимости перемен. Свою речь он начал с угроз боярам-кормленщикам, притеснявших детей боярских и «всех христиан», чинившим служилым людям «обиды великия». Критика боярских злоупотреблений со стороны царя отныне возводилась на уровень официальной доктрины и формировала общественное мнение.