Игілік[1] – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.
Игілік табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғи игілік – табиғи процестердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, пайдалы қазбалар. Қоғамдық игілік – адам қызметінің нәтижелері. Алайда екі жағдайдың екеуінде де игілік нәрсенің әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалы маңызы болып табылады. Материалдық және рухани игілік қандай қажеттерді қанағаттандыратынына байланысты ажыратылады. Материалдық игілікке азық-түлік, киім-кешек, баспана, т.б. және өндіріс құрал-жабдықтары, ал рухани игілікке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, эстет. байлықтар, адамдардың мінез-құлқынан көрінетін адамгершілік қасиеттер, т.б. жатады. Бұлайша бөлу тек шартты нәрсе, өйткені көптеген игі құбылыстардың арасында нақтылы шекара жоқ (тарихи прогрестің жетістіктері, шығарм. жетістіктері, әлеум. оқиғалар, әсемдік бұйымдары). Адамның жасампаздық мүмкіндіктерінің өзі ең жоғары игілік болып табылады. Игілік жеке адамның қажеті мен мүддесіне қызмет ете отырып, даралық сипат алуы мүмкін. Бұл тұрғыдан игілік ұғымының абсолюттік (жалпы адамдық және жалпы тарихи) және салыстырмалы (тарихи шектелген, таптық, жеке даралық) cипаттары болады
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите письмо от лица звёздочки - Я маленьким звёздочкам . Используйте в письме эпитет, сравнение, и фрезологизмы. Объём работы 80-100 слов.