Топырақ — бұл Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты.Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты.
Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану:
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққан «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дұрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небәрі 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмірқышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты:
рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері);
рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер);
рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай).
Сазды топырақ
Құламаларда тұрақты және су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.
Құмайт топырақ
Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.
Шым тезекті топырақ
Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.
Топырақта тіршілік ететін организмдер
Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін,нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді.
Б.з.б. 140 – 87 жылы конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атай бастады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань әулетімен бірге Қытайда құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа қоғамдық қатынастар (феодализм) орнады. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань әулеті биліктен кетіп, орнына қытайлық Мин әулеті келді. 16 ғасырда Қытайға еуропалықтар келе бастады. 1551 жылы Португалия Аомын (Макао) жерін жалға алады. Миссионер-иезуиттер келіп, христиан дінін уағыздай бастады. 17 ғасырда солтүстікүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы күшейді, аса ірі шаруалар көтерілістері басталды. Мин әулеті биліктен кетіп, өкімет көтерілістерді басу үшін көшпелі маньчжур билеушілерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Билікке маньчжурлік Цинь әулеті (1644 – 1911) келді. Жаңа әулет Қытайды қайта біріктірді. 17 ғасырдың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі Моңғолияны) жаулап алды, 1757 жылы жоңғар хандығын жойды, Шығыс Түркістан Шыңжаң (жаңа шекара) деп аталды. 18 ғасырдың аяғына қарай Тибет алынды. Осы кезден Цинь әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғасырда Қытайға еуропалықтардың әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856 – 60 жылы еуропалықтармен арада «апиын соғыстары» болды. Жеңіске жеткен Англия, Франция, АҚШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солтүстікте пайда болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың тұрмысы күрт төмендеді. 1850 – 64 жылы елде аса ірі шаруалар көтерілісі болып, еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 жылы болған дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 жылы Қытайда капиталисттік қатынастар дами бастады. Жаңа экономикалық орталықтар (Шанхай, Ухань, тағы басқа) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап, Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АҚШ, тағы басқа елдер Қытайды өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 жылы басталған Ихэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, Қытайдың ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды. 1911 – 13 жылы елде Синьхай революциясы болып өтті. Цинь әулеті биліктен кетіп (1912 жылы 12 ақпан), оңшыл күштер билікке келді. Бірақ Қытай жартылай отар ел ретінде қалып қойды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 18) Жапония еуропа елдердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Қытайға жаңа талаптар қойды. Жаңа үкімет ол талапты мойындап, Жапонияға тәуелді елге айнала бастады. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін елде Сунь Ятсен басқарған ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Қозғалыс Оңтүстік Қытайда жеңіске жетіп, Сунь Ятсен Кеңес өкіметіне хат жазып, «империалистерге» қарсы бірлесіп күресуді ұсынды. 1923 жылы ақпанда, Кеңес өкіметі Сунь Ятсен басқарған Гоминьдан партиясының өтініші бойынша Қытайға саяси, әскери кеңесшілер, қару-жарақ, тағы басқа көмек жібере бастады. 1927 жылы 18 сәуірде Гоминьдан партиясының оңшыл қанаты әскери төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. Оған қарсы 1921 жылы іргесі қаланған Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) бірқатар көтерілістер ұйымдастырды. Сөйтіп, солтүстік. Аудандарда ҚКП-ның басшылығымен Қытай Қызыл Армиясы мен Кеңестер деп аталатын өкіметтік органдар құрылды. 1930 – 36 жылы Гоминьдан өкіметі солтүстікке үздіксіз жорықтар жасап, ҚКП -ның базасын
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Укажите города где находятся крупнейшие лесопромвшленные комплексы 1. усть-илимск, братск 2. , сегежа 3. саратов, самара 4. киров, волгоград