Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1 Ұлы Жібек жолы қалай пайда болуы 2 Ұлы Жібек жолының ұзындығы 3 Ұлы Жібек жолының мақсаты 4 Ұлы Жібек жолымен тасымалданған заттар 5 Ұлы Жібек жолы әлемдік мәдениетке қосқан үлесі 6 Қала мәдениетінің дамуына әсер
ответ:Ұлы жібек жолы қалай пайда болуы:Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібеек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең.байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II.I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым.қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл. VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Ұлы жібек жолының ұзындығы:Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді
Ұлы жібек жолының мақсаты:Сауда қылып,Сауда жүргізу
Ұлы жібек жолымен тасымалданған заттар:Қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар,экзотикалық жануарлар тасымалданған.
Ұлы жібек жолы әлемдік мәдениетке қосқан үлесі: Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды.
Қала мәдениетінің дамуына әсері: Жібек жолының арқасында қалалардағы халық саны, өндіріс пен қолөнер көлемі де өсті. Қалаларда әртүрлі қолөнершілер пайда бола бастады, олар қышшылардан бастап темір ұсталарына дейін және т.б. Әр шебері өз ісімен айналысты, бірақ металл өңдеуге дейін металдан жасалған әр қолөнер қала үшін пайдалы және қажет екенін түсіну керек. Бұған Талғар, Отырар және тағы басқа жерлерде қыш шеберханалары шеберлігі дәлел.