О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
ответ:Біз дене шынықтыру сабағында волейбол ойнағанды ұнатамыз. Ойын алаңы кішкентай болғандықтан, волейбол – көп күш жұмсалмайтын спорт түрі деп ойлап қалатын шығарсыздар. Бірақ, шын мәнінде, бұл ойын кезінде барлық бұлшықеттер қозғалады. Әрине, бірінші кезекте – бұл қолдар. Ал, екінші кезекте – аяқтар, себебі жиі секіруге тура келеді. Бұл спорт түрі қолдың ептілігін және күшін дамытады. Жеңіске жету үшін, командаңыз бір жұдырықтай болуы керек. Қарсыластың стратегиясын, оның күшті және әлсіз жақтарын түсіну өте маңызды. Мен волейбол ойнағанды жақсы көремін. Әр ойыннан кейін өзімді мықты сезінемін.
Объяснение:ВОТ^_^
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите на казахский! заранее ! 1)беті-қолыңды немен жуасың? 2)тісіңді немен тазартасың? 3)сен таңертең қайды барасың?