жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген асан қайғының: "желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. сол сияқты қазтуған жырау да "қайран менің еділім" – деп еңірепөткен. "еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағ он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған.
лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз. лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын қойылады.мысалы: алақай, біз жеңдік! жарайсың, асқар!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Написать на казахском и я зыках про астану зарание