armentamada1906
?>

Сочинене на казахском на тему мы дружно живём я живу в казахстане

Казахский язык

Ответы

moskwa999
Қазақстан менің Отаным. мен өз Отанымды сүйемін. Бұл жерде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Табиғаты таза, енді өркендеп келе жатқан мемлекет болып табылады. Қазақстанда тұрғаныма ризамын. Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.

Қазақстан – ұлы Отаным !
myataplatinumb348
Құстар біздің досымыз

Құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.
Abdulganieva1367
Бүркіт сұңқар тәрізділер қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, және бірбеткей саналатын, мекенді жыртқыш құс. Латын тілінен аударғанда Алтын қыран деген сөзді білдіреді. Себебі бұл атау латыншадан алғанда өз жемтігін бүріп қысып, ұшып жүріп тырнағымен бүріп ұстап қанталап алатын жыртқыш. Түркі халықтарының көпшілігі осы жыртқыш құсты бүркіт деп атайды. Бүркіттер жұптасып тіршілік жасайды. Таулы жерде көп мекен етеді. Алматы облысының таулы аймақтарында көптеп кездеседі. Бүркіттің аяғы төрт саусақты: артқысы тегеурін, ішкісі жембасар, ортаңғысы сығым, шеткісі шеңгел. Қыран бүркіт батылдықтың, мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың құсы.

Бұрыңғы ата бабаларымыз бүркіт қасиетті құс болғандықтан, сұсынан жын шайтан қашады деп бүркітпен аластауды салт етіп ұстаған. Көршінің не болмаса көрші ауылдың үйлеріне бақытсыздық орын алған жағдайда, не болмаса жұмыстары жүрмесе, беймаза күндері болса, не болмаса отбасы мүшелерінің біреуі қатты сырқаттанса, үйдің бүркітімен аластатып ұшықтап алатын. 

Қазақ ауылдарына тараған сырқат адамдарды емдеу, шипалық емдері болған. Ол тәсіл бүркітпен емдеу еді. Бұл ем көбінесе жын шайтаннан, бір жаманнан қатты қорыққан, шошынған, ұшынған, есалаңмен, басында ауытқулары бар адамдарды Бүркітпен сауықтыру қолданылып келді. Әсіресе ақыл есі кеміген адамдарды, әуелі де оларға итті көрсетіп, сосын сырқатын бүркіттің қанатымен желпіп ұшықтаған. Одан соң аластап, басын бүркітпен сәл ғана ұрған. Сырқатын емдегенде көбінесе қартайған қыран құстар таңдалынады. Себебі жасы келген бүркіттің қуаты мен емі күшті. Саңқылдап шақыратын бүркіттердің дауысынан жын шайтандар қашып кететін.

Кей ауылдарда босана алмай жатқан келіншектер болғанда құсбегілер бар болса, қиналып жатқан әйелдерге бүркітшіні шақырып, бүркітімен желпитін әдеті болған. Ауыл құсбегілерінің ең мықты бүркіті таңдалынып, толғағы қысқан, ауырлаған әйелді бүркітпен желпу әдісін қолданған. Босана алмай жатқан әйелдің үйіне бүркітті алып келіп, дәреттеніп, Бүркіт иесінің аруағына сиынып, дұға оқып, біссмілләсін айтып, оң аяғымен кіріп, шаңыраққа қарай, Ассалаумағалейкүм деп сәлем берген. Бүкіттің томағасын сыпырып, босана алмай жатқан келіншекке қолындағы құсымен тақап отырып, қанатымен екіқабат әйелді желпіген. Бүркітті көріп, есін жиған әйел, оңай жеңіл босанады.

Сырттан үйге кірерде әуелі шаңыраққа, сосын сол үйдің оң жағында бүркіт отырған жерінде бүркітке де сәлем көрсеткен. Бүркіттің алдын кесіп өтсе, бүркіттің сағы сынады деген. Егер амалсыздан бүркіттің алдынан өткен жағдайда, бісмілләләп өткен. Себебі Бүркіт қозып кетін жағдайы болған.

Көп уақыт өмір сүріп, бүркіт қартайып өлген кезінде, құсбегілер құрметтеп жерлеген. Денесін ақ шүбереке орап, мекен еткен жерінің биік төбесіне ұясының қасына жерлеген. Ескерткіш үшін басын кесіп, іліп те қойған.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинене на казахском на тему мы дружно живём я живу в казахстане
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

office426
nevori
eeirikh
titancore
Юрий197
smint056950
ЧумичеваГеннадьевна1827
ИП Жанара
servik78
katdavidova91
zibuxin6
Коробкова1437
rinan2013
marim1994361
gusinica23