Мейірімді аңшы туралы.
Біздің көрші ауылымызда осы өңірге аты әйгілі, тәжірибелі аңшы ата тұрады. Қаншама жылдан бері төбетімен аңға шығып жүреді. Ауа райына қарамай, төбеті екеуі таң сәрімен аң аулауға аттанып, олжасыз қайтқан күні болмайды екен.Осындай күндердің бірінде тағы да аңға шығып, бір топ елікке тап болады. Еліктер аңшыны байқамай, өзеннен су ішіп тұрған көрінеді. Бұл көрініс аңшының жүрегін елжіретіп, әдеттегідей мылтығын дайындай бергенде, еліктің лақтарына көзі түсіп, оларды атуға дәті бармайды. Сонымен, бұл күннен бастап енді аңшылықпен айналыспауға өз – өзіне серт беріп, мылтығын иығына қайта асып алып, сол бетінде үйіне қайтады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Комекши есимдер сойлем курау : кас, орта, уст, аст, иш, шет, кыр !
Көмекші есімдермен сөйлемдер.
Мектептің қасындағы кішігірім дүңгіршіктерден оқушылар сабақ алдында, не сабақтан соң тәттілер сатып алады.
Әне – міне дегенше жаздың да ортасы болып қалыпты...
Әдетте балалармен жолға шыққан жолаушылар үстіңгі орындарын ауыстырып алуға тырысады.
Үстелдің астында жатқан ойыншық сенің күні бойы іздеп жүргенің емес пе?
Оқушылар демалысқа шығысымен мектептің іші тым – тырыс болып қалады.
Ұялы телефоныңыз желіні көрсетпей тұрса, ауылдың шетіндегі қырға шығып көріңіз.
Қырда әдетте қыруар мал болады.