Ryazanova1575
?>

Составеть предложение по словам мектеп омыры

Казахский язык

Ответы

Ivanova55878
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай а ғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!
maxkuskov2485
                                           Өзімнің өмір салтым.
Мен өзімнің өмір салтым туралы айтқым келеді. Өзімнің замандастарым сияқты мектеп оқушысымын. Күнделікті өмірім таңғы дене жаттықтыруларынан басталады. Жуыну, таңғы ас ішу. Мектепке бару. Мен ұқыпты, мейірімді, әдепті болуға тырысамын. Саламатты өмір салтын сақтанамын. Ата-анама ұят келтірмеу, олардың еңбегін ақтау балалық борышым деп білемін. Өтірік, өсекпен жаным қас. Спортпен шұғылданамын. Би үйірмесіне қатысамын. Үлгірімім жақсы. 
dima8585
Біз біреудің мінезі туралы айтқанда сыпайы, мейірімді, ақкөңіл немесе керісінше, тасжүрек, дөрекі, қызғаншақ деп сипаттай аламыз.

Мен досымды сипаттағым келеді. Оның аты Катя. Ол 16 жастағы əдемі қыз. Кейт орта бойлы. Ол өте сəнді, яғни заманға сай стильде киінеді. Кейттің шашы ашық, ал көзі көк түсті. Оның кірпіктері өте ұзын ірі қалың. Кейттің беті өте əдемі.

Ол - өте тəрбиелі, көңілді жəне мейірімді адам. Ол ұялшақ. Онымен сөйлескен өте жеңіл. Жүрегі жылы жəне ерік жігері мықты. Ол əрқашаг көмектесуге дайын. Кейт əрқашан көңілді жүруге тырысады. Ол - сабырлы қыз. Осындай досым болғанына қуаныштымын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составеть предложение по словам мектеп омыры
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ajuli2
nv6634
remontsalarievo2
shajmasha
Guru-tailor
Сорокина
mzubenko6
Yuliya mikhail
ann-perminova2008
Nastyakarysheva8750
Aivazyan
vit010916
soclive7762
qwe54344
ОвчинниковаТатьяна