upmoskovskiy
?>

"болашақты болжай білген " əңгіме керек еді.

Казахский язык

Ответы

Zaikinarusina

Бір кезде елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар, 
Заман азып, заң тозып жаман болар. 
Қарағайдың басына шортан шығып, 
Бабалардың дәурені тәмам болар,

— деп таусылса, Бұқаржырау:

Ай заман-ай, заман-ай, 
Түсті мынау түман-ай, 
Істің бәрі күмән-ай. 
Баспақ-тана жиылып, 
Фәни болған заман-ай, 
Арғымағын жоғалтып,

Тай жүгірген заман-ай,

— деп толғанса, Мөңке толғамдары да белгілі бір дәрежеде солармен үндес. 

Мөңке би: 

Құрамалы, қорғанды үйің болады, 
Айнымалы, төкпелі биің болады. 
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ 
Ай сайын бас қосқан жиын болады. 
Ішіне шынтақ айналмайтын 
Ежірей деген ұлың болады. 
Ақыл айтсаң ауырып қалатың 
Бедірей деген қызың болады. 
Алдыңнан кес-кестеп өтетің 
Кекірей деген келінің болады. 
Ішкенің сары су болады, 
Берсең итің ішпейді, 
Бірақ адам оған құмар болады, 
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады. 
Ит пен мысықтай ырылдасқан, 
Еркек пен қатының болады… 

деп айтып кеткен екен.


YelenaZOLTANOVICh105

Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгінгі таңда адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы «энергетикалық тоқырау», «энергетикалық қатер», «энергетикалық төңкеріс» атты ұғымдар төңірегінде толғануда.  Тоқырау Жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады. Әлемде мұнай бағасының тұңғыш рет күрт көтерілуі энергетикалық дағдарыс туғызып, бүкіл дүние жүзінің экономикасына әсерін тигізді. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан қарқын алды. Бірақ осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқандығын аңғартты. «Жаһандық энергетика дағдарысының болмай қоймайтынын бүгінде барша жұрт толық түсінеді, сондықтан да техника мен ғылым үшін қуат проблемасы алдыңғы қатарға шығып отыр», деп жазды атақты П.Л.Ка­пица 1975 жылы. Иә, көмір адамзат тарихындағы өнеркәсіптік төңкеріс дәуірін бастады. Ал ХІХ ғасырда а электр қуатын ойлап тауып, өнеркәсіптік төңкеріс жетістіктерін еселей түсті. Қолжетімді әрі сенімді көмір, мұнай және газ сияқты қазба отын көздерінің арқасында адамзат ХХ ғасырда энергетикалық молшылық дәуірін бастан кешірді. Оның молшылығы соншалық, жер шарын мекендейтін жеті миллиард халық электр қуатынсыз «шырпы басын сындыра алмайтын» халге жетті. Тіпті, жаһандық ауқымда жарты күн электр энергиясы болмай қалса, техногендік дәуір перзенттерінің тіршілігі толық тұралап қалар еді. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір, мұнай және газ арқылы өндірілетін электр қуаты қамтамасыз етуде. «Судың да сұрауы бар» демекші, қазір адамзат алдында энергетикалық тоқырау атты тығырық тұр. Қазіргі таңда өркениет әлемін энергетикалық шикізат көздерінің жетімсіздігі, олардың бағасының жылдан-жылға көтерілуі ерекше алаңдатып отыр. Бүгінгі энергетикалық тоқырау салқынын сезінген өркениет әлемі ертеңге энергетикалық қатер атты проб­леманы күн тәртібіне ашық шығаруда. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, алдағы жылдары индустриялық дамыған елдердің электр энергиясын тұтынуы жылына 1,3 пайызға, ал дамушы мемлекеттердің электр энергиясын тұтынуы жылына 4,2 пайызға артады. Жаһандық энергетикалық тоқырау­дың бастау алғандығы туралы осыдан 6 жыл бұрын жазған «Жаһандық энер­гетикалық қауіп: аңыз бен ақиқат» атты мақаламызда «Сонымен қазір өркениет әлемін толғандырып отырған энерге­тикалық қауіпсіздік мәселесінің астарына үңіліп көрейік. Бүгінде әлем бойынша бір күнде 85 миллион баррель мұнай тұтынылады екен. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 100 миллион баррельге жетпек. Соңғы кезде халқы да, экономикасы да күрт өскен Үндістан мен Қытайдың сұранымын ескергенде, қазір күніне 3,5 миллион баррель мұнайды көп өндіруге тура келеді. Энергетика жөніндегі халық­аралық агенттіктің деректеріне сүйенсек, Азияда мұнай тұтыну жыл сайын 3-4 пайызға, газ тұтыну 4-6 пайызға артып отыр. Көмірсутегіне деген Үндістан мен Қы­тайдың барған сайын артып бара жат­­қан сұранысы осы шикізат көзде­рін шы­­ғарушы елдердің экспорттық қуа­тын әртараптандыруға мәжбүр етуде» деген екен­біз. («Егемен Қазақстан», 12.09.2008). Сарапшылардың айтуынша, таяу болашақтағы отыз жыл ішінде мұнай, газ және көмір энергетикалық баланстағы өзінің көшбасшылық рөлін сақтайтын болады. Бүгінгі таңда жаһандық электр қуатына деген сұраныстың 86,8 пайызы көмір, мұнай, газ және уран шикізаты арқылы қамтамасыз етілсе, 13,2 пайызы ғана балама және жаңғыртылған қуат көздерінің үлесіне тиесілі. Нақты болжамдар бойынша, алдағы ширек ғасырда бұл көрсеткіш 80 пайыздан төмен түспейді. Осы ретте «Мұнай мен көмірдің заманы өтті. Сондықтан жер астындағы мұнай қорларын жылдамырақ игеріп, кәдеге жаратып алуымыз керек», деген пікірдің де асығыс айтылған жаңсақ ойдың жемісі екендігін атап айтқан жөн. Осы орайда, ескерте кететін тағы бір маңызды мәселе, бүгінде әлем маман­дарының назарын АҚШ аймағында жатқан мұнай қоры да ерекше аударып отыр. Дүниежүзілік мұнай конгресінде Америкадағы әлі адам қолы тимеген аймақтардағы шикізат қорын мұнай-газ

puma802
Спорт - адам өмірінде өте маңызды. Ол бізге күш денсаулық және ұзақ өмірді береді.Спорт əрқашан жəне бəріне керек. Қазір 1000 (мыңнан )астам спорт түрі бар. Сен кез келген спорт түрін тандап алуға болады. Егер сен спортпен шүғылдансан сен əдемі көрінесін,сенде ешқандай мәселе болмайды. АҚШта толық адамдар 60 %,ал жасөспірім саны одан да артық. Менің ойымша ең жақсы спорт ол - жігіру. Өйткені оған ешқандай арнайы жабдық керек емес. Егер сіз жақсы нәтиже көргініз келсе сізге алдымен 40 минут содан кейін уақытты кеңейту қажет. Қорытындыда мен сізге айтарым спортсыз біз өмір сүралмайміз.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"болашақты болжай білген " əңгіме керек еді.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

a-zotova
Сухроб944
MArat
Veselova
Prokopeva1062
Кирилл-Анна1023
taanaami75
reznikvi
galustyanvitaly4842
larinafashion829
katcoffe3
okarp
gavrilasmax05
mrropevvv
russstep