Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
evgeniy1988486
11.03.2022
Оқжетпес Оқжетпес[1] – Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас. Көкшетау қыратының ең биік жері – Көкше жанында. Герцин қатпарлығы тауларының мүжіліп жазыққа айналуы нәтижесінде пайда болған. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Оқжетпес маңында қаңтардың орташа температурасы –9 – 16қС, шілдеде 19қС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл,құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Қазақ халқының талай атақты ақын-әншілері (Сәкен Сейфуллин, т.б.) Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы туристік саяхат жасайтын өңір.
liza04521160
11.03.2022
Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, а болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары қалыптасты.