Городничий_Коновалова384
?>

Сочинение на казахском, моя будущая профессия журналист, с переводом 7, 8 предложений

Казахский язык

Ответы

sergeykvik13
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет.  Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.
Денис1619
Күндердің бір күнінде у əріпі өмір сүріпті.Оның екі қызы болыпты.Олар бір біріне өте қатты ұқсаған екен. Олар жіңішке у əріпі мен жуан у əріпі екен.Оларды үнемі бəрі шатастырады екен. Жіңішке сөздерге жуан у ды қойып, жуан сөзге жіңішке у ды қойып əбден шатастырыпты. Көмекке сингорманизм келіпті. Ол оларға : Сен жуан у тек жуан сөздерде а ,о , ы мен бірге тұрасын!
Сонда жіңішке у: Ал мен ше? - деп сұрайды
Ал сен тек жіңішке е , и əріптерімен тұрасын дейді.Енді олар дəл осылай тұрады.

п/c переводила как смогла
stratocasterr34

Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар.

Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болады. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді.

Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на казахском, моя будущая профессия журналист, с переводом 7, 8 предложений
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

boldireve617
Малыхин Валерьевна621
axo-geo
vit010916
julya847
sve707ta
serkinn69
dariamay1996
yrgenson2011801
Styazhkin395
Карапетян
alexluu33
kirillboytsov403
alapay
kazanoop