Araevich
?>

Что говорили казахские писатели о своем языке​

Казахский язык

Ответы

sahabiev1987

ответ:

менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  ақын с.торайғыров ана тілімді:

сүйемін туған тілді – анам тілін,

бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

шыр етіп жерге түскен минутымнан,

құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. 

ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. демек әр ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы к.г.паустовскийдің «туған тіліне жаны ашымаған – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

ана тілі - ар өлшемі. олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. ең жақсы – ана тілін құрметтеген . бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені ілікке, шын патриот болуға жетелейді. ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы болғысы келетін жас ң бірінші парызы. ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті отаныңды сүйе білу деген сөз. ақиық ақын м.мақатаев «отан» атты өлеңінде:

мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

мен оның қасиетті тілін сүйем   

мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. 

ntinyakova

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.

Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.

Мечиславович_Кварацхелия1988

Менің әңгімеден алған әсерім тамаша болды. Біздің Ыбырай Алтынсарин атамыздың мәтіндеріндерінде көп әртүрлі әсерлер береді.Осы әңгімелерінің ішінде ең қатты ұнағаны Қыпшақ Сейітқұл болған. Мен Қыпшақ Сейітқұлды оқып жатып Сейітқұлдың көп жұмыс істейтінін көріп мен оған уайымдап кеттім.Қыпшақ Сейітқұл қасындағы адамдарына қыйын жағдайларда көмектесті.Сейітқұлдың елі жартысы мал бағумен ал жартысы егін егумен айналысты. Сейітқұлдың ағасы ұрлықшы,өзін ойлайтын жаман адам болғандықтан менің әсерім теріс қабылдаймын. Осы әңгімені оқып Сейітқұл сияқты еңбекқор,жанашыр болу қажет, ал Сейітқұлдың ағасының жаман істерінен үлгі алмау керек.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Что говорили казахские писатели о своем языке​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Sazhina1356
Дмитрий_Пергамент669
daskal83
amarantmetall
veraplucnika
Nadezhda
Yuliya701
kuchin
iamhrusha
serkan777
movlam11
arionul-secondary2
Диана820
Vipnikavto58
Arsen0708